Мәселе

"Күйеуі басқа әйелге кетіп қалған": Алматыда балаларымен бірге 9-қабаттан құлаған әйелге қатысты жаңа дерек шықты

  • "Күйеуі басқа әйелге кетіп қалған": Алматыда балаларымен бірге 9-қабаттан құлаған әйелге қатысты жаңа дерек шықты

Үш бірдей баласымен 9-қабаттан құлап, суицид жасаған әйелдің көршісі болған оқиғаға қатысты жаңа деректермен бөлісті. Шынар төртеуінің жерге құлағанын көріп, жедел жәрдем шақыртқан.

Ulysmedia.kz басылымының хабарлауынша, әйел отбасымен бірге Жетісу мөлтек ауданындағы №21 үйде бірбөлмелі пәтерді жалдап тұрған. Үйдің үлкен қос қызы үйдің астындағы дүкенге жиі барып тұрған.

 
Минимаркет иесінің сөзіне қарағанда, балалар әрқашан ұқыпты киініп жүрген және қарызға азық-түлік алмаған. Отбасы мұнда жеті ай тұрса да, дүкен иесі балалардың анасын еске түсіре алмады. 

Марқұмның көршісі Шынар үйдің бесінші қабатында тұрады. Шынардың үш баласы бар, кішісінің жасы 14-те. Трагедия болған уақытта ол түскі ас дайындап жатқанын айтады. 

"Бірдеңенің жерге құлағанын естідім. Терезелер ашық тұрған. Әлдебіреу терезеден қоқыс тастап жатыр деп ойладым. Бірнеше секундтан кейін екінші дауыс шықты. 

Сонда терезеден қарадым. Миым көргенімді қабылдаудан бас тартты. Бұл “манекен, манекен” дей бердім өзіме. Кішкентай ұл бала киімсіз еді. Үстінде бір ғана майка болған. Одан кейін қыз бала. Кейін төртеуі де сонда жатты. Айқайлай бастадым. Не дегенім есімде де жоқ. Болған оқиғадан кейін әлі есеңгіреп тұрмын", - деді Шынар. 

"Күйеуім далаға шыққанда, қыздың қолы қимылдап жатты. Оны көтерейін деген кезде, қозғауға болмайтыны есіне түсті", – дейді Шынар. 

Оқиға болған кезде әйелдің күйеуі үйде болмаған. Көршілерінің айтуынша, күйеуінің туыстары келген. 

"Ең сорақысы не екенін білесіз бе? Балалар да, анасы да үнсіз құлады. Тыныш қана секіріп кетті. Олардың астындағы көршісі шығып: "Не істеп жатырсыз?" деп айқайлай бастады", –  дейді көршісі. 

Айта кетейік, жантүршіктірерлік оқиға 22 қараша күні, шамамен сағат 12.30-да Жетісу-1 ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алған. 28 жастағы әйел мен оның 6 және 5 жасар қызы, 2 жасар ұлы жан тәсілім етті. 
Бақтыгүл өлер алдындағы хатында өмірден шаршағанын, бұл оқиғаға кінәлі адамның өзі білетінін айтады. Тергеу болжамы бойынша, суицидке отбасындағы ұрыс-жанжал себеп болуы мүмкін.

Ал есімін жасырып қалуды құп көрген, тергеуге жақын дереккөздің айтуынша, күйеуі әйелі мен балаларын тастап, басқа әйелге кетіп қалған. "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 




Көрілген: 1826    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.11.2021, 16:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31