Мәселе

Қырымбек Көшербаев бастаған бір топ қоғам қайраткері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Бүгін қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойы. Осыған орай ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев бастаған бір топ мемлекет және қоғам қайраткері елордадағы Абай ескерткішіне салтанатты жағдайда гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Гүл шоқтарын қою рәсіміне ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Дәурен Абаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, елорда әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдырахманов қатысты.

 

Мұндай салтанатты рәсім еліміздің барлық өңірінде өткізілді.

 

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 

Айта кетейік, таяуда Қазақстан Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді.

 

Осылайша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкімет Абай күнін белгілеп, еліміздің атаулы мерекелер тізбесіне енгізді. Мұндағы басты мақсат - Абайды ұлтымыздың рухани реформаторы, әлемдік деңгейдегі кемеңгер ретінде теңдессіз шығармашылығын насихаттау.

 

 

 


 




Көрілген: 311    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.08.2020, 15:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30