Мәселе

Қытайдағы Қазақстан елшілігі Ақжарқын Тұрлыбайдың жайлы айтты

  • © Foto: Аккаунт Сункара Нурмаганбетова в Facebook

    © Foto: Аккаунт Сункара Нурмаганбетова в Facebook

Қытайдағы Қазақстан Республикасы елшілігінің қызметкерлері Ақжарқын Тұрлыбайға өз қалтасынан ақша шығарып көмектесіп жатыр.


Бейжіңдегі ҚР Төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев елшілік қызметкерлерінің Ақжарқын Тұрлыбаймен үнемі байланыста екенін айтады.


"Мысалы, консул Болат Сырлыбаев екі ай сайын қызбен жүздесіп, өз қалтасынан ақша шығарып, оған қажеттінің бәрін алып береді. Оқулықтарын сатып алып берді өткенде, өйткені қазір Ақжарқын ағылшын тілін тереңдетіп оқып жатыр.


Одан бөлек күнделікті тұтынысына қажетті ұсақ-түйек заттарын да әперген. Бізде мұндай шығындар бюджетте қарастырылмаған. Сондықтан кейде осындай жағдайда ішімізден ақша жинап, мұндай шығындарды өзіміз көтеріп аламыз", - дейді ол.


Есірткі тасымалдады деп айыпталған қазақ қызының ісі әлі толыққанды қаралып біткен жоқ. Елшіліктегілер қосымша тергеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатқанын айтады. Тергеушілер қазір Ақжарқынды Қазақстаннан шығарып салған адамдарды тексеріп жатыр екен. Осы фактілер әбден зерделенген соң ғана Қытай соты шешім шығармақ, деп хабарлайды Астана телеарнасы.


Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры


Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуе-жайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды. Ал Ақжарқын оны өзіне білдіртпей біреулер тығып жіберді деумен келеді.


Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын. Алайда кейіннен сот шешімі жойылып, істі қайта қарауға кері жіберген.


Бұған дейін Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы қызының түрмедегі жағдайы мен атышулы қылмыстық іске қатысты тың деректерді Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берген болатын.


Sputnik


 




Көрілген: 768    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.04.2019, 11:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31