Мәселе

Қызметкерлеріне қол көтерген "полиция басшысының" видеосы: ПД пікір білдірді

  • Видеодан кадр:

    Видеодан кадр:

Желіде қызыл күртеше киген ер адамның полиция қызметкерлерін қорқытып, ұрып-соққан видеосы пайда болды. Полиция қызметкерлері оның алдында сапқа тұрған, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

 

Бейнебақылау камераларының жазбасы Instagram желісіндегі efir_kefir паблигінде жария болған.

 

Видеоның астындағы жазбада формадағы қызметкерге қоқан-лоққы көрсетіп, қол көтерген ер адам елордалық әуежайдың желілік полиция бөлімінің басшысы Мақсат Әбікен екені жазылған.

 

Анонимді дереккөз Мақсат Әбікен қызметкерлеріне үнемі қоқан-лоққы көрсетіп, "жұмыстан шығарамын" деп қорқытатынын жазған.

 

 

NUR.KZ тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметінен мән-жайдың анық-қанығын сұрап білді.

 

Ведомство аталған жайтқа қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын жеткізді. Тексерістің нәтижелері туралы баспасөз қызметі қосымша хабарлауға уәде берді.

 

Еске салсақ, тамыз айының соңында Алматы қаласының Наурызбай аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасарына қызметкерлерін соққыға жықты деген айып тағылған. Артынша оның қызметінен қуылғаны белгілі болды.

 

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оның кінәсі дәлелденсе, бұрынғы полиция қызметкері 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

 

 




Көрілген: 1818    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.10.2021, 18:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31