Мәселе

"Мал жаятын ұлтарақтай жер қалмады": Алматы облысының ашынған тұрғындары жанайқайларын жеткізді

  • "Мал жаятын ұлтарақтай жер қалмады": Алматы облысының ашынған тұрғындары жанайқайларын жеткізді

Алматы облысында жайылымсыз қалдық деген тұрғындар малды көлікке тиеп, жайылым іздеп, сарсаңға түсіп жатқандарын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Ауыл айналасында ұлтарақтай жер қалмады, мал бақсаң иесі қуып шығады дейді тұрғындар. Күн көрісі төрт түлікке қараған ауылдағы ағайын енді қалай жан бағамыз деп шарасыз күйде отыр.

 
Ауылда мал бағатын жер жоқ деген Жамбыл ауылының халқы міне көрші ауылға мал жаю үшін осылайша көлікке тиеп, жіберіп жатыр. Көлік иесі әрбір малдың басына 2 мың теңгеден алады. Ауыл халқы үшін бұл қып-қызыл шығын. Көксу ауданына қарасты Жамбыл ауылының халқы осылайша малды әупірімдеп көлікке тиеп алып, жағалай жайылым іздейміз деп отыр. Тіпті мал алысқа барып жайылса, оған төленетін төлем де көбейеді дейді.

"Елдердің малдарын тиеймін, рейсіне 20-25 мыңнан аламын. Өзім деген соң ауылдың кісілеріне, Әйтпесе 60-70 шақырым жер, жел де қатты соғады", - дейді Көксу ауданына қарасты Жамбыл ауылының тұрғыны Мәжен Ахунжан. 

"Енді мына әкім бізге бірдеңе жасасын, барады да ауылдағы жерді әкім кім барады, соған бере салады. Ақшасы көп, қалтасы көпке", - дейді тағы бір тұрғын Мәмиля Биназарова. 

"Биыл малды жолатпайды, бидай салған, нешетүрлі егін еккен", - дейді Биназар Шоқпаров. 

"Жайылым жоқ болғаннан кейін Талаптыға барып жалынып, әкем-көкем деп сиырымызды камазға тиеп, апарып жатырмыз. Міне менің айтарым, осы мәселеміз шешілмей тұр", - дейді аул тұрғыны Әуесхан Омарбеков. 

Ауыл халқы жер ауылдың халқына емес, басқа өңірдің адамдарына беріліп жатыр деп наразы. Ал әкімдіктегілер біз ешкімді бөлмейміз деп отыр. Жамбыл ауылы бойынша 850 бас ірі қара, 2,5 мың қой, 200 ден аса жылқы бар деген ауыл әкімдігі мың жарым гектарға жуық жайылым бар деп отыр. Бірақ мал басының өсуіне байланысты жер жетпей жатыр дейді. Мәселені шешу жолдарын қарастырып жатырмыз деп қысқа қайырды.




Көрілген: 695    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.04.2021, 09:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31