Мәселе

Маңғыстау облысында міндетті вакцинацияға қарсылық білдірген жұмысшылар наразылыққа шықты

  • Маңғыстау облысында міндетті вакцинацияға қарсылық білдірген жұмысшылар наразылыққа шықты

    Маңғыстау облысында міндетті вакцинацияға қарсылық білдірген жұмысшылар наразылыққа шықты

Маңғыстауда жұмысшылар вакцина алмаймыз деп наразылық білдіруде. Өйткені кешеден бері "МАЭК-ҚазАтомӨнеркәсіп" компаниясы екпе алмаған қызметкерлерін ақысыз демалысқа жіберген. Ал 100 шақты жұмысшы бұған қарсылық білдіріп, компания алдында ереуілге шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Ақтауда атомдық энергетикалық комбинаттың 100-ге тарта жұмысшысы вакцина алмағандықтан жұмыстан шеттетілген. Бұған азаматтардың екі күннен бері коронавирусқа қарсы екпе алуға қарсылық білдірулері себеп. Сондықтан бір топ қызметкер күні бойы компания ғимаратының алдында тұрып басшыларына талаптарын жеткізді. Бірақ өздері вакцина салдыруға үзілді-кесілді қарсы.

 
“Еңбек кодексіндегі 112-баптың1-тармағы бойынша 50 пайыз жұмысшыларды жұмысқа жіберсін. Екіншіден, мекеменің өзі ПЦР тестін төлеп, жұмысқа шығаруды талап етіп отырмыз. Бұлар әлі шеше алмай жатыр”, – дейді жұмысшы Жанболат Иса.

“Мәжбүрлеуге болмайды. Мысалы, ит тістеп алса да өзім барып алам ғой вакцинаны, менің денсаулығымды өзімнен басқа кім ойлайды?” – дейді жұмысшы Наурыз Тоқтамысұлы

Ал өңірді су, жылу және электр қуатымен қамтып отырған монополист компанияның басшылығы қазіргі уақытта келіссөздер мен түсіндіру жұмысы жүріп жатқанын айтты. Алайда вакцина алмаған жұмысшыларды демалысқа жіберіп, 50 пайыз жалақы төлеуге келіспейтіндерін бірден айтты. 

“Еліміздің бас санитарының соңғы қаулысына сүйеніп отырмыз. Біз үшін қызметкерлердің қауіпсіздігі маңызды. Жұмысшыларымыздың талаптарымен таныстық. Талапты орындаймыз ба немесе бас тартамыз ба жұмыс комиссиясы шешеді. Бірақ 50 % жалақы төленсін дегені орынсыз. Үйде жатып айлық алса, олардың кесірінен қалған жұмысшылар артық жұмыс істеуге мәжбүр болады”, – дейді "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Андрей Могилин.

Осылайша атомдық энергетикалық комбинатының басшылығы қандай шара қолданса да бас санитардың қаулысына сәйкес әрекет ететін жеткізді. Себеб  ереуілге шыққандар екпе алып, ұжымдық иммунитетті қалыптастырмаса, 4 мыңға жуық адам жұмыс істейтін компания жұмысшыларының денсаулығына қауіп төнеді дейді.

Еске салсақ, бұған дейін екпеге қарсы азаматтар Нұр-Сұлтан қаласында митингке шыққаны айтылған еді. 




Көрілген: 1040    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.09.2021, 09:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31