Мәселе

Марқұмның туыстары қызының өліміне күйеубаланы кінәлайды (видео)

  • Марқұмның туыстары қызының өліміне күйеубаланы кінәлайды (видео)

    Марқұмның туыстары қызының өліміне күйеубаланы кінәлайды (видео)

Үш баласымен терезеден секіріп кеткен Бақтыгүл Қыдырбаеваның туыстары, марқұмның өліміне келіншектің күйеуін кінәлап отыр. Олардың айтуынша, қыздың суицид жасауына жігіт итермелеген. Express Qazaqstan тілшісі марқұмның отбасына барып, ет жақындарымен тілдесті.
Терезеден секіріп кеткен Бақтыгүл Қыдырбаеваның отбасы Өзбекстанның Бостандық ауданынан Шымкентке 2000 жылдары көшіп келіпті. Марқұм Алматыдағы медицина академиясын осыдан екі жыл бұрын бітірген. Мамандығы — терапевт-дәрігер. Бақтыгүлдің туыстарының айтуынша, жас ананың суицид жасауына әлеуметтік жағдайы әсер етпеген. Айтуларынша, барлық жағынан қолдау көрсетіп, көмектесіп тұрдық дейді.

Бақтыгүл үйдің ортаншысы. Күйеуімен биыл шаңырақ көтергендеріне 7 жыл толыпты. Бірақ соңғы бір айда ерлі-зайыптылар отбасымен бөлек тұрған екен. Марқұмның туыстары күйеу балалары туралы жағымсыз пікірде.

"Қыздың өліміне біз күйеуінен күдіктенеміз. Бекерден бекерге секіріп кетуі мүмкін емес қой. Үш бала тұрмақ мысықты да тастай алмайсың ғой. Өзі жұмыссыз жүрген адам. Қатырып еңбек етіп жүргенін көрген емеспіз. Бір әпкесі мен сіңілісі көмектесіп тұратын. Қызды мұндай жағдайға сол жеткізіп отыр. Бақтыгүл әлеуметтік қиындықтан өлді дегенге сенбейміз. Жүйкесі әбден тозған ғой. Ағалары, әкесі мәйітті алып келуге қалаға кетті", — дейді марқұмның туыстары.




Көрілген: 7440    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.11.2021, 16:12

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31