Мәселе

Наразылық белгісі: Ақтаудағы түрмеде тұтқындар қасықтардың сабын жұтып қойды

  • Наразылық белгісі: Ақтаудағы түрмеде тұтқындар қасықтардың сабын жұтып қойды

    Наразылық белгісі: Ақтаудағы түрмеде тұтқындар қасықтардың сабын жұтып қойды

Ақтаудағы түрмеде тұтқындар наразылық белгісі ретінде қасықтың сабын жұтып қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 сәуірде Ақтау қаласының маңындағы ГМ-172/6 мекемесінде дене мүшесін зақымдау фактісі болды.

Қатаң ұстау жағдайындағы отрядтың екі тұтқыны қасықтардың сабын жұтып қойды. Олар бұл әрекеттімен белгіленген ұстау режимімен келіспейтінін түсіндірмек болған.

Колония қызметкерлері оларға медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды. Қазіргі уақытта олардың денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда.

Өз кезегінде Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД бастамасымен қоғамдық бақылау комиссиясының (ҚБК) және ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) өкілдері фактіні тексерді.

"Бүгін ведомство басшылығының шақыруымен біз аталған мекемеге, атап айтқанда, қатаң ұстау жасағына бардық. Қатаң ұстау жағдайындағы сотталушылар әңгімелесуге жаппай және жеке тәртіппен қабылданды. Біз екі тарапты да тыңдадық, барлық өтініштер мұқият зерделеніп, тексеріледі", - деді Маңғыстау облысы ҰАТ тобының жетекшісі Александр Муха.




Көрілген: 656    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.04.2021, 09:05

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30