Мәселе

Нұр-Сұлтан әкімдігі зейнеткерлерге ақшалай сыйлық жасайды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

1 қазан күні Қазақстанда Қарттар күні мерекесі тойланады. Елорда әкімдігі жыл сайынғы дәстүр бойынша зейнеткерлерге бірреттік ақшалай төлем береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Қала әкімдігінен мәлім еткендей, биылғы жылы бұл сома 6313 теңгені құрайды.


«Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 25 қыркүйектен бастап 1 қазанға дейін 2,5 айлық есептік көрсеткіш – 6313 теңге көлемінде төлем төлейді. Аталған төлем жасына байланысты зейнетке (әйелдер үшін зейнет жасы– 58, ерлер үшін – 63 жас) шыққандарға есептелген. Бұған дейін бұл көмек ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушыларға 30 тамыз ҚР Конституциясы күніне орай көрсетілген болатын», - деді ведомстводан.


Атап өтілгендей, бірреттік төлем Альфа-Банк, АТФ Банк, Центркредит банкі, Еуразиялық банк, Jýsan Bank (Цеснабанк), Halyk Bank (Халық банк), Нұрбанк, Сбербанк, ForteBank және Қазпоштадағы есепшоттарға жіберіледі.


Аталған мекемелерде есепшоттары жоқ зейнеткерлер оны ашып, шот ашу туралы 20 таңбалы анықтаманы Достык көшесі, 13 («Нұрсая 2» ТК) мекен жайы бойынша тапсырулары қажет.


Анықтама үшін телефондар: «Алматы» ауданының әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімі 55-68-22; «Есіл» ауданының әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімі 55-68-34; «Сарыарқа», «Байқоңыр» ауданының әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімі 55-68-45.





Көрілген: 836    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.09.2019, 13:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31