Мәселе

Нұр-Сұлтандағы ойын алаңында күтпеген жағдай болды: оқиға куәгерлері мән-жайды айтып берді

  • Нұр-Сұлтандағы ойын алаңында күтпеген жағдай болды: оқиға куәгерлері мән-жайды айтып берді

    Нұр-Сұлтандағы ойын алаңында күтпеген жағдай болды: оқиға куәгерлері мән-жайды айтып берді

Тұрғындардың айтуынша, жасөспірім ойнап жүріп, тоққа түсіп қалған. Нұр-Сұлтанда 13 жастағы бала аулада ойнап жүріп, есінен танып қалды. Куәгерлердің айтуынша жасөспірімді тоқ соққан.




Жазатайым оқиға 12 шілдеде Конституция көшесінде орналасқан үйдің ауласында болыпты. Кешкі бес кезінде 13 жастағы бала допты алу үшін жабық алаңның қоршауына шығып, байқаусызда электр желісіне тиіп кетеді, деп жазады astanovka98 Instagram парақшасы.


Оқиға куәгерлерінің айтуынша, электр желісіне тиген бойда бала жерге құлап, есінен танып қалды.


Жедел жәрдем тез арада көмек көрсетіп, біраздан соң бала есін жияды.


Елордалық полиция департаменті әртүрлі жарақат алған баланың ауруханаға түскенін айтты, бірақ тоқ соқты деген мәліметті растамады.


"12 шілдеде 18.00 кезінде қалалық балалар ауруханасына әртүрлі жарақат алған жасөспірім жатқызылды. 13 жастағы бала Конститутция көшесіндегі ойын алаңында дене жарақатын алған. Оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз", - деп мәлімет берді Нұр-Сұлтан полициясы.


Қазір оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалған.

 




Көрілген: 799    Пікірлер: 0

сенбі, 13.07.2019, 17:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31