Мәселе

Нұр-Сұлтандағы шектеу шаралары: Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты

  • Нұр-Сұлтандағы шектеу шаралары: Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты

    Нұр-Сұлтандағы шектеу шаралары: Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пралиева коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында жаңа қаулы шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаулыға сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде өткізуге, митингілер, шерулер, жиындарға салынған шектеу жалғасады.

 
Әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде 2 метрден кем емес сақтай отырып, жеке тәртіппен және 5 адамнан аспайтын топпен тек ашық ауада спорттық жаттығулар өткізуге болады. Қызметі қайта басталмаған объектілерге: бильярд, караоке, боулинг орталықтары, компьютерлік және ойын клубтары, түнгі клубтар, жабық ғимараттардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар, караоке, букмекерлік кеңселер мен лотереялар ұтыс ойыны және т. б. баруға тыйым салу күшінде қалады.

65 жастан асқан адамдардың қала және қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруына шектеу әлі де жалғасады. Міндетті түрде бетперде киіп және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, аулаларда серуендеуге және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен баруға рұқсат.

Қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген объектілерге барған кезде, көшеде жүру кезінде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау қажет.

Еске салсақ, жаңа қаулы бойынша Нұр-Cұлтанда сенбі күндері де сауда орталықтары істейтін болды.




Көрілген: 870    Пікірлер: 0

сенбі, 21.11.2020, 12:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31