Мәселе

Нұрсұлтан Назарбаев әйелдермен қарым-қатынасы жайлы айтты

  • https://elbasy.kz/

    https://elbasy.kz/

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Штрихи к портрету" деректі фильмінде журналистің сұрағына жауап бере отырып, көпшілікке қызықты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Сұхбат кезінде журналист тұңғыш президенттен: "Сіз ғашық болуға дайынсыз ба?", - деп сұрады.

 

"Сезімтал махаббат - мен одан өткенмін. Ол тіпті жас жұбайларда бал айынан кейін өтіп кетеді, содан кейін бір-біріне деген құрмет қалады. Олар жыл өткен сайын бір-бірін бағалай бастайды, махаббат достыққа айналады. Мен бұл өтті деп жауап беремін. Кейде басқаларынан ғашық болып қалдыңыз-ау дегенді естимін. Мен: "комплимент үшін рахмет" деймін. Егер менің жасымдағы адамға бұл туралы айтса, онда бұл жақсы комплимент. Мен алғыс айтамын", - деді Елбасы.

 

"Әйелдер әртүрлі болуы мүмкін - әдемі, сүйкімді, нәзік. Екінші түрі - отбасы үшін, балалар үшін. Мұндай арулар - өте мұқият, сүйіспеншілікке толы, сізбен бірге дос болып, көмектесетін жан. Яғни, онымен қарым-қатынаста құпия ештеңе жоқ", - деді Назарбаев.

 

Тағы біреуімен басқаша, жақын қарым-қатынас болады, деді ол.

 

"Махаббат, сезім. Бірақ, егер бұл сезімдердің бәрі біріксе, жақсы болар еді (...). Егер әйелің болса - басқа қадам, ал құрбың болса - басқа қадам. Достар - өмір бойы, ал жұбайлар - басқаша болуы керек, өмірді жеңілдететін үлкен құрмет, сенім, махаббат керек", - деді Назарбаев.

 

Айта кетейік, бұл - "Хабар" телеарнасында шыққан "Штрихи к портрету" деректі фильмінің үшінші бөлімі. Бейне сұхбатта Елбасы өз жолының басталуы, саяси мансабы, тәуелсіз Қазақстан, отбасы және жеке өмірі туралы әңгімеледі.

 

 

 

 




Көрілген: 1621    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.01.2021, 15:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31