Мәселе

Өгей әкенің оқушы қызды зорлағанын жасырған мектеп директоры соттағы соңғы сөзін айтты

  • https://www.pravda.com.ua/

    https://www.pravda.com.ua/

Батыс Қазақстан облысында оқушысының зорлық көргенін жасырды деп айыпталған Жаңақала мектеп-гимназиясының директоры Лариса Қожахметова соттан кешірім сұрады.

 

Ол өзін кінәсізбін дейді. Өйткені адам аузы бармайтын азғындық мектептен тыс жерде болған.

 

Сондай-ақ оқушының ата-анасы мен туыстарынан бұрын мұғалімнің полицияға шағынуы міндетті емес және куәгерлердің жауабы қиыспайды, дейді директор.

 

Бүгінгі сот алдындағы соңғы сөзінде Лариса Қожахметова ұстаз болуды бала кезінен армандағанын айтып, қиналған кезде өзін қолдаған әріптестері мен отбасына, тіпті көршілеріне де алғыс айтты. Ауыр науқас екенін және үш бала өсіріп отырғанын айтып, соттан өзіне кеңшілік танытуын сұрады.

 

Лариса ҚОЖАХМЕТОВА, СОТТАЛУШЫ:

 

-Ұстазды ешкім қорғамайтынына дәлел болды бүгін. Осыдан кейін кім басшы болады? Кім басшыны қорғайды? Кім ұстаздарды қорғайды? Туған анасы бар өзінің, баласына деген жанашырлығы қайда? Ол қалай бірге тұрады? Құрметті сот, осы жағдайларымды ескеріп, ҚР Соты атынан сіз мені ақтап, әділ шешім қабылдайды деп сенемін.

 

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы  мектеп-гимназияның директоры Лариса Қожахметова кәмелет жасына толмаған оқушы қыздың зорлық көргенін хабарламағаны үшін айыпты деп танылған.

 

Сот материалдарынан белгілі болғандай, ауыл тұрғыны он жастағы өгей қызына үш жыл бойы азғындық әрекет жасаған.

 

Бірақ анасы ғана емес, мектептегі ұстаздары да қорғансыз періштеге ара түсуге асықпаған көрінеді.

 

Өгей қызына озбырлық жасаған адам 22 жылға сотталды.

 

Ал директор, кінәсі дәлелденсе, алты жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

 

 

 

 

astanatv.kz




Көрілген: 515    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.05.2021, 09:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31