Мәселе

"Өкінеміз": Қарағандыда перзентхана басшылығы еденде босанып қалған әйелден кешірім сұрады

  • "Өкінеміз": Қарағандыда перзентхана басшылығы еденде босанып қалған әйелден кешірім сұрады

Қарағандыда перзентхананың еденінде босанып қалған әйелден перинаталдық орталық басшылығы кешірім сұрады. Перзентхана директоры кінәлілердің әкімшілік және тәртіптік жазаға тартылатынын айтты.


Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.


Перзентхананың еденінде жатып босандым деген Мақпал Оразованың оқиғасы желіде шу тудырғаннан кейін перинаталдық орталықта қызметтік тергеу жүргізілген. Соның барысында перзентхана қызметкерлерінің босанушы әйелдің бұған дейін де жылдам босанғаны туралы ескертуі мен шағымдарын елемей, оны палатаға жатқызып, бақылаудың орнына, дәлізде жүруіне мүмкіндік бергені анықталды.


«Мұндай деректің болғанын растаймыз. Оның, туыстарының алдында кешірім сұраймыз. Осылай болғаны үшін өкінеміз», - дейді «Өңірлік акушерлік-гинекологиялық орталықтың» директоры Татьяна Юзик.


Сонымен қатар перзентхана директоры кінәлілердің әкімшілік және тәртіптік жазаға тартылатынын айтты.


Еске сала кетсек, Қарағандыда жүкті әйел перзентхананың еденінде босанып қалған еді. Артынша перзентханадағылар мұндай жағдайдың не себепті орын алғанын түсіндірді.




Көрілген: 642    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.09.2019, 13:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31