Мәселе

Ондай қоңыраулардың болғанын жасырмаймыз – Абаев шенеуніктердің БАҚ-қа қысымы жайлы

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Елбасының БАҚ пен шенеуніктер арасындағы қатынастарына қатысты сөзіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Телефон қоңыраулары» туралы: біз белгілі бір талдау жұмыстарын жүргіземіз. Бас редакторлармен бәлкім бірігіп, қанша қоңыраудың келгенін айқындау керек болар. Біз мұндай жағдайлардың қалайда болғанын жасырмаймыз. Десе де, қоңыраулардың көбі мемлекеттік органдардың позициясын түсіндіруге қатысты болғанына шүбә келтірмеймін. Демек, кейде журналистер кемшілікке немесе қателікке жол беруі мүмкін. Тиісінше, мемлекеттік органдар оларға хабарласып, түсіндіруі, пысықтауы ықтимал. Елбасы да, Мемлекет басшысы да атап өткендей, біздің елдің дамуы еркін БАҚ-сыз мүмкін емес. Дәл тілшілер – мемлекеттік органдар назар аударуы тиіс мәселелерді меңзейтін мамандар болып саналады», - деді Дәурен Абаев Үкіметтің баспасөз орталығында.


Еске сала кетсек, шенеуніктердің БАҚ редакторларына қысым көрсететінін «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткен болатын.


«Дәстүрлі БАҚ позициясынан айырылып барады. Дәурен Абаев осы мәселе бойынша ойланып, жұмыс жүргізуі керек. Телефондық құқық болмауы тиіс. Шенеуніктер редакторларға қысым көрсетеді. Әртүрлі жолдармен сыни материалдардың жолын кеседі. Осыдан кейін қоғамдық санада балама шынайылық қалыптасады. «Nur Otan» сол себепті, өзінің ақпараттық стратегиясын қайта қарауы керек. Партиялық БАҚ шынайы әрі жедел ақпараттың көзіне айналып, оза жұмыс жүргізуі тиіс. Ең дарынды адамдарды тартып, тиісті айлық төленуі керек», - деді Елбасы.


 


 




Көрілген: 854    Пікірлер: 0

жұма, 23.08.2019, 16:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30