Мәселе

Оралда әкімшілік айыппұл төлемеген 20 борышкер қамалды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Орал қаласында әкімшілік айыппұлдарды төлемей жүрген тұрғындарға қатаң шаралар қолданыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жуырда соттың шешімімен 3 борышкер 3 тәуліктен 5 тәулікке дейін қамалды. Ал жалпы жыл басынан бері қордаланған қарызы үшін 20 тұрғын қысқа мерзімге бас бостандығынан айрылған.

Әкімшілік айыппұлдарға қоса қылмыстық істерге қатысты төленбей жүрген процессуальды шығындардың жалпы көлемі 1 миллиард теңгеден асады.

Күні бүгін 30 мыңнан аса атқару парағы орындалмай отыр. Осы орайда сот орындаушылар борышкерлердің тұрғылықты мекенжайына барып, айыппұлдарды уақтылы төлеуге шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ал оған құлақ аспағандарға мәжбүрлеу шаралары қолға алынбақ.

Жаңылдық Рамазанова, жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасының сот орындаушысы:

– Олардың көбісі жұмыспен қамтамасыз етілмеген. Қазіргі уақытта жәрмеңкелер ұйымдастырып, оларды жұмысқа тұрғызу шаралары жүргізіліп жатыр.

 24.kz




Көрілген: 321    Пікірлер: 0

жұма, 06.12.2019, 15:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31