Мәселе

"Орамалымды жұлып алды": Қазақстандық қыз өзін зорламақ болған қауіпсіздік қызметкерін жазалауды сұрады (видео)

  • "Орамалымды жұлып алды": Қазақстандық қыз өзін зорламақ болған қауіпсіздік қызметкерін жазалауды сұрады (видео)

Алматы облысының тұрғыны Ая Өмірзақова өзін зорлау әрекетін тергеудегі қағазбастылыққа шағымданып, көпшілікке жүгінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бойжеткен өзінің желідегі парақшасында видео хабарлама жасады. Эмоционалды пост әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды.

 
"Мен бұл қадамға баруға батылым бармады. Құзырлы органдардан, біздің органдардан маған көмектесуін және бұл мәселені бақылауға алуын сұраймын. Бәрінің әділ болғанын қалаймын" - деп жазды пост авторы.

Қыз ҰҚК қызметкері оны зорламақ болған деген болжам айтты. 11 қыркүйектен 12 қыркүйекке қараған түні ол жұмыстан қайтып келе жатып, жүргізуші оған шабуыл жасап, ұрып-соғып, зорламақ болған. Қыз ер адамға қарсылық көрсетіп, зорлық-зомбылықтан әрең дегенде құтылдым дейді.

"Мен қарсыластым. Ол мені ұрып-соғып, орамалымды жұлып алды. Ол "Мен сендердің орамалдың астында басқа екендеріңді білемін" деп айтты. Ол мені өлтіретінін, сосын жерлейтінін айтты", -  деді.

Ол өзінің видео-хабарламасында Қаскелең полициясының қызметкерлері бұл істі тергеп жатқанын үш ай болғанын айтады. Ал күдіктінің туыстары оны қорқытып, алаяқтық жасады деп айыптауға тырысады. Қыз өзінің жұмысын жоғалтқанын және стресстің салдарынан психологтан көмек сұрауға мәжбүр болғанын айтты.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі қыздың полицияға жүгіну фактісін растады және бұл істің тергеуі бақылауда екенін айтты.

"Жәбірленушінің арызы ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 120-бабы 1-бөлігі "Зорлау әрекеті" бойынша тіркелген", - дейді департаменттің баспасөз қызметі. 




Көрілген: 1330    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.11.2020, 16:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Қаңтар, 23:18
    Тазалықтың 7 ережесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31