Мәселе

Өскеменде ана мен бала өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • © CC0 / pixabay.com

    © CC0 / pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында босанған әйел мен оның сәбиінің өліміне  қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

 

"16 қазанда Өскемен қаласы полиция басқармасының Солжағалау  бөлімінде "Ана мен бала" КМК орталығына қатысты медициналық қызметкерлердің өз ісін кәсіби тұрғыда атқармауы салдарынан адам өлімінің орын алуы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі күні аталған қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.

 

Істің мән-жайын жан-жақты және толыққанды анықтау мақсатында қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деді полициядағылар.

 

Өзге ақпарат тергеудің құпиялығы мақсатында жарияланбайды.

 

Ана мен баланың өлімі

 

Өскеменде ана мен бала орталығында шақалағымен бірге көз жұмған 37 жастағы Айжан Мержақыпованың туыстары шу шығарды. Қара жамылған отбасы әйелдің аяқ аясты өліп қалғанының себебін білмей дал.

 

Олардың айтуынша, дәрігерлер келіншектің неден қайтыс болғанын айтудан бас тартып, мәйітке жасалған сараптама қорытындысын да бермей қойған.

 

Айжан Мержақыпова қайтыс болардан үш күн бұрын ғана Өскемендегі ана мен бала орталығына  жатқызылған. Алайда келіншек босана алмай көз жұмды дегенге туыстары сенбейді. "Жүктілігі де қалыпты өтті", дейді күйеуі. Айы-күні жеткен келіншек осыған дейін екі перзентін де өзі босаныпты.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 403    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.10.2021, 09:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31