Мәселе

Өскеменде жаңа тұрғызылған үйдің қабырғасы сөгіліп жатыр

  • https://aikyn.kz/

    https://aikyn.kz/

Жаңадан тұрғызылып жатқан үйлердің сапасына налитын Өскемен тұрғындарының құрылыс компанияларына деген сенімсіздігі бұл оқидан кейін  арта түсті.

 

22 сәуірде таңғы сағат төрт шамасында көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасындағы сайдинг қаптамасымен араға салынған тас-топырақ опырылып түскен.  Былтыр желтоқсан айында дәл осы үйдің қарсы қабырғасы сегізінші қабат тұсынан құлап, онсыз да жылуы нашар үйге қосымша соққы болған еді.

 

Өскеменде Момышұлы 14 десе, «тағы не болды?» деп елеңдеудің жөні бар. Құрылыс материалдарына арналған қаражатты әбден үнемдеген құрылысшы компания тұрғын үй пайдалануға берілісімен-ақ, таратылып, ізін суытқан. Ал жайлы үйді аңсап келген тұрғындар енді қиранды астында қалмаудың қамын ойлап, түрлі инстанциялардан әділдік іздеп шырылдап жүр. Тұрғын үйдің тағы бір қабырғасы осының кебін кигелі тұрғанын қаптаманың ісініп тұрғанынан көруге болады.

 

Қыстағы жағдайдан кейін прокуратураға да, қалалық әкімдікке, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке де жүгінген үй иелері төленіп жатқан ақшаларының желге ұшқанына наразы. Енді жөндеу жұмыстарын мойнына алған қазақстандық ипотекалық компания арнайы тексеріс жүргізіп, жазда ғана іске кірісетінін мәлімдеді.

 

 

 

aikyn.kz




Көрілген: 769    Пікірлер: 0

жұма, 23.04.2021, 19:35

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31