Мәселе

Өз статистикасына әсер етпесін деген: Қазақстанда 277 нәрестенің өлімі жасырын ұсталған

  • Өз статистикасына әсер етпесін деген: Қазақстанда 277 нәрестенің өлімі жасырын ұсталған

    Өз статистикасына әсер етпесін деген: Қазақстанда 277 нәрестенің өлімі жасырын ұсталған

2018 жылы Қазақстанда өз статистикасына әсер етпесін деген мақсатта тірі туған сәбилерді өлі туды деп тіркеген. Атырау перинаталды орталығында болған даулы оқиғадан соң денсаулық сақтау министрлігі тексеріс жүргізген болатын.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлады.


«Атырау облысында болған даудан кейін біз өлі туылу фактілерінің барлығы бойынша тексеріс жүргізген болатынбыз. Нәтижесінде, 2018 жылы туған соң шетінеп кеткен 277 сәбидің ісі жасырылғаны айқындалды»- деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сенат мәжілісінің отырысында.


Тауар сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің басшысы Людмила Бюрабекованың айтуынша, медициналық ұйымдарда сақталған барлық шыны препараттар зерттелген. Соның нәтижесінде, тірі туылып, бірақ артынша шетінеп кеткен балаларды, өлі туылғандардың қатарына қосу фактілері анықталған екен.


Аталған тексеріс, тек Маңғыстау облысында жүргізілмепті, себебі облыстың перинаталды орталығында шыны препараттағы деректер заңсыз түрде жойылған.


Еске саларлық жайт, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі медициналық орталықтарды қала әкімдігінің құрамынан шығару туралы ұсыныс білдірген еді. 




Көрілген: 236    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.10.2019, 20:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30