Мәселе

Пандемия: Ел өңірлерінде 3,6 мың адам уақытша жұмыссыз қалды

  • Пандемия: Ел өңірлерінде 3,6 мың адам уақытша жұмыссыз қалды

    Пандемия: Ел өңірлерінде 3,6 мың адам уақытша жұмыссыз қалды

Қазақстанда пандемияға байланысты кәсіпорынның қызметті тоқтатуына байланысты 3,6 мың адам уақытша жұмыссыз жүр. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2021 жылғы үшінші тоқсанда Қазақстанда 8,8 млн адам еңбекпен қамтылған. Олардың арасында 6,7 миллионы немесе жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,1% - жалдамалы қызметте істейді. Еліміздегі жұмыссыздар саны – 450,7 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,9%. Ведомство мәліметіне сәйкес, елімізде еңбек нарығы қалпына келе бастады. Мәселен, биылғы үшінші тоқсанда екінші тоқсанмен салыстырғанда негізгі жұмыс орнында жұмыс көлемінің төмендеуіне (толық емес жұмыс күні) немесе жұмыс берушінің бастамасы бойынша аз сағатқа еңбекке тартылғандар саны 5,3 пайызға азайды және 242,9 мың адамды құрады. Қызметті тоқтату себебіне байланысты уақытша жұмыс істемейтіндер саны 3,6 мың болып отыр. Оның ішінде 19,7% - көлік және жинақтау, 15,5% - тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету, 15,3% - өнер, ойын-сауық және демалыс. Жұмыспен қамту органдарында 2021 жылғы қазан айының соңына 193,5 мың адам жұмыссыз ретінде ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күші санының 2,1% құрады.




Көрілген: 611    Пікірлер: 0

жұма, 12.11.2021, 00:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31