Мәселе

Пәтер кезегінен шығарылған жалғызбасты ана елордалық басқарманы сотқа берді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Елордада жалғызбасты ана тұрғын үй кезегінен шығарып тастаған Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының үстінен сотқа арызданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сотта анықталғандай, азаматша О.-ның елорда тұрғыны ретінде тіркеуде болмауына байланысты тұрғын үй комиссиясының 2019 жылдың 4 ақпанындағы шешімімен ол коммуналдық қордан баспанаға мұқтаждар тізімінен шығарылған.

Алайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде арыз беруші жетім әрі жалғызбасты ана, сондай-ақ екінші топтағы мүгедек екенін дәлелдеген.

«Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заң нормаларына сәйкес, аталған санатқа жататын адамдарды мұқтаждар тізімінен алып тастауға болмайды», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық сотынан.

Есіл аудандық соты әйелдің талаптарын толық қанағаттандырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 




Көрілген: 412    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.12.2019, 22:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31