Мәселе

Павлодар облысында тау боп үйіліп жатқан сәбіз пен картоп үйіндісі елдің ашуын тудырды (видео)

  • https://www.instagram.com/zhaloby_pavlodar

    https://www.instagram.com/zhaloby_pavlodar

Павлодар облысы Ақтоғай ауылының тұрғындары тау боп үйіліп жатқан сәбіз бен картопты видеоға түсіріп алған. Аталған жайттың мән-жайын Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасы түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Тау боп үйілген көкөністердің видеосы Instagram әлеуметтік желісіндегі пабликтердің бірінде пайда болған.

 

"Лақтыра салып, артынша бағаны қолдан өсіреді. Сақтайтын жер болмаған сияқты", - делінген видеоға пікір білдірген автор.

 

Видеоны түсіріп тұрған тұрғын Павлодар облысы Ақтоғай ауылына көкөністерді "КамАЗ"-бен әкеліп төккенін айтқан.

 

Кадрлардан адамдар үйілген сәбіз бен картопты қапқа салып, сұрыптап отырғанын көруге болады.

 

Желі қолданушылар аталған жайтты көріп, ашуға мінді.

 

"Адамдарға таратып бергені жақсы еді", "Тұрғындар тегін алып жатқанына рахмет айтыңдар", "Содан соң бағаны көтереді", "Сақтайтын жер болмаған ба?", "Кісілер таңдап алады, қалғанын малға береді", - деп жазды олар.

 

Желіде тарап кеткен видеоға қатысты Павлодар облысының ауылшаруашылық басқармасындағылар түсінік берді.

 

"Ауылшаруашылық өнімдерді жинау кезінде осындай шығындар болуы мүмкін. Мұны рефакция деп атайды. Әр көкөністің жалпы жиналған көлемінің пайыздық тұрғыда рефакциясы болады. Сондай-ақ, сақтауға қояр алдында стандарттарға сай келмейтін картоп пен сәбізді өтімділігі төмен тауарларға жатқызады. Олар - ұсақ, зақымданған және тауарлық түрі сай емес көкөністер. Бұл барлық шаруа қожалықтарында бар тәжірибе. Тұрғындар мұндай көкөністерді сұрыптап, қажетіне жаратуына болады", - делінген ведомство хабарламасында.

 

 

 




Көрілген: 1881    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.10.2021, 23:51

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31