Мәселе

Павлодарда ер адам қайырымдылық көмек алуға «Lexus» көлігімен келген

  • https://24.kz

    https://24.kz

Ертіс өңірінде қайырымды жандардан көмек алуға «Lexus» көлігімен келген азаматтың ойында не болғанын түсінбей жүр.


Көп балалы әке еріктілерге хабарласып, баласын мектепке берейн дегенін, керек-жарағына көмектесуді өтінген.


Жалпы еріктілерге 300-ге жуық отбасы хабарласқанын да айта кетейік.


Қоғамдық ұйым өкілдері әлгі азаматқа көмек ретінде, «Мектеп портфелі» акциясы аясында кеңсе заттарының жиынтығын тарту еткен.


Бір қызығы, тұрғынның аты-жөні әлеуметтік қорғау органдары тарапынан ұсынылған аз қамтамасыз етілген азаматтардың тізімінде болған. Кейін азаматтың көлікті екенін көрген еріктілер ақпараттың шынайылығын тексерген. Осылайша, көмек сұраған әкенің тұрмысы жақсы, тіршілігі келісті екені анықталды.


Ресми мәліметтерге сай, ата-аналар мемлекет тарапынан жәрдемақы да алады екен.


Олеся Вехтер, ерікті:


– Өкінішке орай, ренішімізді тудыратын жағдайлар кездесіп тұрады. Біз материалдық жағдайы төмен отбасыларға көмектескіміз келеді. Соған қарамастан, мейірімділігімізді пайдаланатындар да кездесті. Алдағы уақытта көмек алушылар тізімін қайта қарап, мұқият реттемекпіз. Болашақта осындай жағдайларға жол берлілмейді.


 24.kz




Көрілген: 587    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.08.2019, 09:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30