Мәселе

Павлодарда шыбын-шіркейден үй құстары қырылып жатыр

  • Павлодарда шыбын-шіркейден үй құстары қырылып жатыр

    Павлодарда шыбын-шіркейден үй құстары қырылып жатыр

Тауық, үйрек-қазды қорада қамап ұстау, түтін қою, балапандарды тордың ішіне кіргізу сияқты амалдардың ешбірі нәтиже берер емес.

Бұл – бірінші рет болып отырған жағдай емес.  Ертіс өзенінің жағасында орналасқан облыста дезинсекциялық шаралардың тиімділігі мүлде байқалмайды. Керісінше, күн санап маса мен шыбын-шіркей көбейіп барады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыс орталығының іргесінде орналасқан Павлодар ауылында үй құстары жаппай қырылып жатыр. Тауықтар, үйректер мен қаздарды қорада қамап ұстау, түтін қою, балапандарды тордың ішіне кіргізу сияқты амалдардың ешбірі нәтижесін берер емес. Шіркейлер құстарды кәдімгідей «жеп» жатыр. Осы ауыл тұрғыны Александра Борисенконың айтуынша, 40-қа жуық қазының саны күн сайын азаюда.  

«Кеше бір түнде бес қаз арам қатып қалды. Ал біздің көпбалалы отбасымыз үшін олар күнкөріс көзі еді. Қазіргі ет, жұмыртқа қымбат уақытта сонымен күнелтіп, артығын сатып, тіршілік қамын жасайтын едік. Бір қаздың бағасы – 2100 теңге. Енді олар үшін ешкім өтемақы да төлемейді»,– дейді тұрғын.

Дәл осындай жағдай өткен жылы да болған еді. Сол кезде осы үйдің қорасындағы 50 тауық қырылып қалды.

«Шіркейлер құстардың көзіне, мұрнына кіріп, демалдырмай тастайды. Маса шаққан жер ісіп кеткен соң олар қанат қағып, қорғана да алмайды. Ірі қаралар, мысықтар мен иттер де осы қансорғыштардың кесірінен азайып жатыр. Адамдар далаға шығудан қалды. Ертіс өзенінің жағасындағы ауылдарда өңдеу жұмыстары дұрыс жүргізілсе, мұндай қиындықтар болмас еді»,– дейді тағы бір тұрғын Алена Лактинова.

Ауыл әкімінің орынбасары Амангелді Бекмағамбетовтің айтуынша, өзеннің жағалауы биыл төрт рет өңделді. Авиациялық өңдеу шаралары да қолданылды. Бірақ бұл шаралардың нәтижесіз екенін шенеуніктердің өздері де мойындап отыр. Мұндай жағдай тек Павлодар ауылында ғана емес. Ертіс өзенінің жағалауында орналасқан басқа ауыл тұрғындары да мазаны алатын масадан зәбір көріп келеді.  

«Таңертең өріске кеткен сиырлар түс болмай жатып қораға жүгіріп қайтады. Өйткені қырда шыбын-шіркейден бой тасалау тіпті мүмкін емес. Қалада дезинсекциялық шаралар жүргізгеннің өзінде халық масаға таланып жатыр. Ал ауылда ондай жұмыстар мүлде жүргізілмейді. Сондықтан біздегі қансорғыштардың саны бірнеше есеге көп. Масаға қарсы түрлі препараттарды жағып, халық арасындағы әдістерді қолдансақ та шыбын-шіркей бет қаратар емес»,– дейді Ақтоғай ауылының тұрғыны Мейірбек Мусин.

Бұған дейін облыс әкімінің орынбасары Асайын Байханов масаны улауда жаңа препараттардың қолданылып жатқанын хабарлап, оның тиімділігі 5-6 күн дересінде сезілетініне сендіріп еді. Сол уақытқа дейін ауылдықтар үй құстарынсыз қалмаса болғаны.
 




Көрілген: 537    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.06.2021, 13:01

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31