Мәселе

Павлодарлық ана 4 жасар баласын үйге қамап түнде көңіл көтеруге кеткен

  • Көрнекі сурет.  ©proza.ru/

    Көрнекі сурет. ©proza.ru/

Түнгі сағат 02:39 шамасында Павлодар қаласының полиция бөліміне Қамзин көшесінде орналасқан пәтерлерінде бірінде жылаған баланың даусы шығып жатқандығы туралы хабар түскен, деп хабарлайды stan.kz.


Келіп жеткен тәртіп сақшылары баланың үйде жалғыз өзі екендігін анықтаған. Құтқарушылар келіп жеткенше полицейлер баламен есіктің сыртынан сөйлесіп, оны жұбатып отырған.


2015 жылы дүниеге келген бүлдіршін полиция бөлімшесіне жеткізілген. Таңғы 4:00-де Павлодардың Солтүстік бөлімінен баланың анасы келген. Оның айтуынша, ол баласы ұйықтап жатқан кезде түнгі 12 жарымда үйден шығып, мейрамханаға бет алған. Үйіне келген ол көршілерінен баласын полиция қызметкерлері алып кеткендігі жайлы естіген. Медициналық тексерістің нәтижелеріне орай әйел мас болыпты.


33 жастағы Павлодар қаласының тұрғынына әкімшілік іс қозғалды.


Жалпы, 2019 жылдың басынан бері 430 ата-ана баласына дұрыс қарамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал одан бөлек 204 қазақстандық ата-ана құқығынан айырылған.


 




Көрілген: 1912    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.11.2019, 23:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31