Мәселе

Пайдасыз зейнетақы қорын жауып, әр азаматқа депозит ашса артық шығын болмайды

  • Пайдасыз зейнетақы қорын жауып, әр азаматқа депозит ашса артық шығын болмайды

    Пайдасыз зейнетақы қорын жауып, әр азаматқа депозит ашса артық шығын болмайды

Қандай бір өзгеріс жасап, жағдайды түзету үшін міндетті түрде әлде бір төтенше оқиғаның болуын күтудің не керегі бар? Мысалы, бәріміздің қамсыз қарттығымызды қамтамасыз етеді деп жинақталған ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ талан-таражыға түсіп жатқаны жайында сын көп. Бизнеске қыры жоқ біздің чиновниктер сол қолымен мемлекеттік лауазымдық қызметін атқарса, оң қолымен коммерциялық банкінің немесе жеке бизнесінің көрігін қыздырғысы келеді. Ештеңе тындыра алмаған соң бюджеттің ақшасына, онымен де шектелмей біз жинақтап отырған зейнетақы қорына қол салып жатыр. Қол салғанда да мол салған секілді. Ана жылы Талапкер Иманбаев деген біреу медициналық сақтандыру қорын үптеп, шетелге қашып кетті. Сол күйі қарасын батырды. Енді, мына зейнетақы қоры да соның кебін кимей тұрғанда ҚОРДЫ таратып, әр азаматтың зейнетақы үшін жинаған қаржысын өз аттарына жеке депозит ашып беру керек. Депозитті тек зейнеткерлікке шыққан соң ғана ай сайын пенсия алып тұратындай етіп ұйымдастырған дұрыс. Әйтпесе, оны әркім өз білермендігімен жұмсай берсін деген сөз емес. Қорда қазір қаншама адам айлық алып отыр? Шын мәнінде ештеңе тындырмаса да. Абажайдай аппараты бар, жоғары жалақы алатын бастықтары мен менеджерлері жыртылып айырылады. Бірақ, сол қорды шығынға батырудан өзге еш пайдасы жоқ. Офис, іссапар, көлік, кеңсе шығындары өз алдына. Сондықтан, пайдасыз қорды жауып, әр азаматқа депозит ашса, ақшасы өседі және артық шығын болмайды. Міне, шынымен халқының қамсыз қарттығын ойлайтын болса, өкімет осыны жасауы керек.


Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 448    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.02.2019, 15:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30