Мәселе

Педофилдер мен экстремистерге Қазақстанға кіруге тыйым салынуы мүмкін

  • Педофилдер мен экстремистерге Қазақстанға кіруге тыйым салынуы мүмкін

    Педофилдер мен экстремистерге Қазақстанға кіруге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотталғандар мен экстремистік, лакңкестік әрекетке қатысы бар азаматтардың елге кіруіне тыйым салу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мәжіліс көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру үшін кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты заң жобасымен жұмыс істеп жатыр.

"Заң жобасында көші-қон саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындау, кәмелетке толмағандардың жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткендері үшін сотталғандардың елге кіруін, азаматтық алуын шектеу, экстремистік немесе лаңкестік қызметке қатысы бар шетелдіктерге елге кіруге тыйым салу, төтенше жағдайда мерзімі өтіп кеткен құжаттарды пайдалану мәселесін реттеу және басқалары көзделген", - деп хабарлады Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева.

Заң жобасын депутаттар тобы "Халықтың көші-қоны туралы" заңды және қолданыстағы өзге де заңдарды жетілдіру мақсатында әзірледі.

Tengrinews.kz.
 




Көрілген: 494    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.11.2021, 11:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31