Мәселе

Перуашев Денсаулық сақтау министрлігінің әрекетіне байланысты Маминге хат жолдады

  • Фото © Tengrinews.kz

    Фото © Tengrinews.kz

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Денсаулық сақтау министрлігі Оралдағы компанияға жасанды тыныс алдыру аппаратын жеткізуден бас тартқанын айтып, премьер-министрге хат жолдағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды   Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Премьер-министрге (Асқар Мамин - еск.) "ОралМедРегион" ЖШС бойынша хат жолдадым. Жасанды тыныс алдыру аппаратының отандық өндірушісі оларды Атырауға жеткізу бойынша келісімге келген. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігі келісімшартты бұзуды талап етіп отыр, себебі олар жасанды тыныс алдыру аппараттарын Түркиядан 30 миллиард теңгеге сатып алып жатыр. Ал бюджетті үнемдеу мен ұлттық мүдделер қайда қалды?", - деп жазды Перуашев Twitter-парақшасында.

Депутат телефон арқылы "ОралМедРегион" компаниясы "Ақжол" партиясынан көмек сұрағанын айтты.

 

"Олар келісімшарт жасасқаннан кейін 10 жыл ішінде тек екі аппарат сатып алған. Қалған кезде шетелден алып келеді", - деп түсіндірді депутат.

 

Перуашев компанияның хатын көрсетті. Онда компания 21 шілдеде Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасымен 45 отандық жасанды тыныс беру аппараты МВ 200 "Зислайнды" жеткізуге келісім жасағаны көрсетілген. Бірақ 22 шілдеде басқарма Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сілтеме жасап, компания басшылығына келісімшарт біржақты түрде тоқтатылатынын хабарлаған.

 

"Бізге дәлелдемелік құжаттар ұсынылған жоқ. Біздің компания келісімнің ешқандай ережелерін бұзбады", - дейді ЖШС-дағылар.

 

Tengrinews.kz редакциясы Денсаулық сақтау министрлігіне осы жағдай бойынша хат жолдады.

 




Көрілген: 591    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.07.2020, 13:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30