Мәселе

Сарапшылар ауып кеткен көп қабатты үйдің топырағы шайылып кеткенін айтады: Тұрғындар алаңдаулы

  • Сарапшылар ауып кеткен көп қабатты үйдің топырағы шайылып кеткенін айтады: Тұрғындар алаңдаулы

    Сарапшылар ауып кеткен көп қабатты үйдің топырағы шайылып кеткенін айтады: Тұрғындар алаңдаулы

Алматы тұрғындары ауып кеткен үйдің тексеріс нәтижесін алды. Қазақ геотехникалық институтының қызметкерлері шығарған қорытынды мәз емес: көп қабатты үйдің іргетасындағы топырақ шайылып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп.

Сарапшылардың айтуынша, алты метр тереңдікте жатқан топырақтың ылғалдылығы аса жоғары. Бірақ мамандар судың қайдан шыққанын анықтай алмай отыр. Тексеріс нәтижесі шыққан соң тұрғындар заттарын жинап, үйлерінен кетуді көздеп отыр. Ал кейбірі кетуден бас тартып, үкіметтен мәселеге қатысты әділ шешім талап етуде.

"Зерделі-2" ықшам ауданының №179 үй тұрғындары жұмадан бастап үйлерін тастап жатыр, әрі билік тарапынан түснініктеме мен шешім күтеді.

Аталған үй мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып, 2013 жылы көшірілуге берілген. Желтоқсанның 10-ы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірсін деген талаппен коллективті түрде әкімшілікке барған. Тұрғындар үйдің барлық жерінде жарық пайда болып, ауып бара жатқанын айтып жергілікті билікке шағымданған болатын. Келесі күні Төтенше жағдайлар департаменті тексеріс жасауға шықты.  




Көрілген: 948    Пікірлер: 0

сенбі, 14.12.2019, 11:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30