Мәселе

«Сендіре алсаң болды»: белгілі журналист алаяқ-кручтардың қалай байып жатқанын айтып берді

  • «Сендіре алсаң болды»: белгілі журналист алаяқ-кручтардың қалай байып жатқанын айтып берді

    «Сендіре алсаң болды»: белгілі журналист алаяқ-кручтардың қалай байып жатқанын айтып берді

Журналист Мақсат Толықбай бүгінде коуч атанып, аста-төк байлыққа кенелтем деп жұрттың қалтасын қағып жүрген алаяқ-коучтардың жұмыс істеу схемасын әшкереледі. Оның айтуынша, ол үшін ерекше дарынның қажеті жоқ, тек жұртты сендіре алсаң болды. Жылтыраққа құмар тез байығысы келетіндер өздері келіп құрығыңа түсе береді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

"ТАСТА БӘРІН
Миллионер болғың келе ме? 

Бизнес-тренинг өткізгіштер неге көбейді? Бұл ақша табудың ең керемет жолы ғой. 
Ең қызығы, бизнесмен болуың шарт емес. Орақ тілді, от ауызды және манипуляцияның шебері болсаң жеткілікті. Жұртты бизнеспен айналысуға шақырардан бұрын, Дейл Карнегиден бастап адам сеніміне кірудің тоқсан тоғыз айласын үйрететін  кемінде атақты 20 коучтың кітабын оқып шық! Сөйтіп, жұрттың санасына тренингке қатыссаң, өмірің өзгереді деген ойды мықтап сіңіресің. 
ӨЗГЕРГІСІ келетін кімдер? Жұмыссыз, қиын жағдайға тап болғандар, жалақысы аз, оңай олжаға кенеліп тез байып кетуді көздейтіндер. Сендіре алсаң болды. Кредит алып, соңғы тиынын санап беруден тайынбайды. Айтпақшы, семинардың тақырыбын "1 айда миллион теңге табудың жолдары", "бай болудың құпиясы", "іскер әйел бол" деп қоясың! Клиент тарту үшін бірінші сабағыңды тегін өткізесің. Қазақ тегін дүниені жақсы көреді. Жарнамасын айқайлатын  мыңға жуық адам жинайсың. Бай болудың құпиясын бірден жайып салмаймын, сізге керек "кілтті" 1 апталық ақылы курста оқытамын" дейсің. Отырғандардың 20 пайызы алдыңа қайта келеді. Алдап-арбап 300 адамнан 350 мыңнан жинап алсаң болды. Сол күннен бастап сен  миллионерсің! 105 миллион теңге қалтаңда. 

Ойлаш... Фотосессия жасат, үстіңе қымбат киім киіп, астыңа қымбат көлік мініп, шашыңды жақпамаймен қайырып, іскер, дәулетті бизнесменнің рөлін сомдайтын бол! Арасында "неге өзге ұлт өкілдері бай болуы керек, қазақ жастары базарда арба айдауы керек пе?" деп өзіңді патриот ретінде көрсетіп қойсаң, тіпті, ауыздарын ашып, аһ ұрып, сені құдайдай көреді. 

-Былайша айтқанда алаяқсың ба? 
-Иә... 
-Қой, рақмет, ұят емес пе? 
-Әй, ұялатын ештеңесі жоқ, "бүйтсең миллионер боласың, сөйтсең миллионер боласың" дейтін бизнес-тренерлер барлық елде бар. Өйткені, жылтыраққа жаны құмар, қиындыққа тап болған, тез байығысы келетін адамдар әр нәрседен үміттенеді. 
 Ағайын, АҚША  оңайлықпен келмейді. Тек  еңбек, еңбек, еңбек", - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Skifnews.kz




Көрілген: 1548    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.10.2021, 15:40

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31