Мәселе

Серік Күдебаевтың ұлы қайтыс болған соң тұтқындалған дәрігерге әріптестері қолдау көрсетті

  • Серік Күдебаевтың ұлы қайтыс болған соң тұтқындалған дәрігерге әріптестері қолдау көрсетті

    Серік Күдебаевтың ұлы қайтыс болған соң тұтқындалған дәрігерге әріптестері қолдау көрсетті

Қазақстандық дәрігерлер кәсіби міндетін дұрыс атқармады деп айыпталған № 4 қалалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаевқа қолдау көрсетіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Дәрігер Алматы полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевтың ұлы қайтыс болған соң тергеуге алынған. Сондай-ақ бұл іс бойынша аурухана анестезиологы Асқар Тұңғышбаев тұтқындалған. Дәрігердің жары кейін президентке ашық хат жолдаған. Дина Тезекбаеваның мәліметі бойынша, 2019 жылы шілдеде Нұрсұлтан Көдебаев жол апатына түсіп, №7 ауруханаға жеткізілген. Артынша оны №4 ауруханаға ауыстырып, ота жасаған. Кейін Нұрсұлтан Көдебаев Германиядағы ауруханаға жеткізіліп, сол жақта қайтыс болған. Бас дәрігердің жары тергеушілер Нұрсұлтан Күдебаевтың өліміне себеп болған әрекетке айғақ көрсетпегенін айтады. Ал Тезекбаевтың әріптестері оны кепілдікпен босатуға тырысып жатыр. Дәрігер Қайрат Смағұлов Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке хат жазған. Ол Байбектен Тезекбаевты кепілдікпен босатуға көмектесуді сұраған. Естеріңізге салсақ, Нұрсұлтан Көдебаев 2019 жылы тамыздың аяғында қайтыс болған еді. Ол Алатау ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарған. Артында үш баласы қалды.

 




Көрілген: 751    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.09.2019, 13:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31