Мәселе

Шатырда тауық асырап, айыппұл төлеген көпбалалы отбасыға қазақстандықтар баспана сыйлады

  • Шатырда тауық асырап, айыппұл төлеген көпбалалы отбасыға қазақстандықтар баспана сыйлады

    Шатырда тауық асырап, айыппұл төлеген көпбалалы отбасыға қазақстандықтар баспана сыйлады

Алты баласын асырау үшін көпқабатты үйдің шатырына тауық қора салған Руслан Тниевтің отбасына "Дәулеттен" қайырымдылық қоры үй сыйлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қордың ресми парақшасына сілтеме жасап.

Руслан Ақтауда бір бөлмелі пәтерді жұбайы және алты баласымен бірге паналап келген. Азық-түліктің қымбат болуына байланысты, ол балаларын асырау үшін үйдің шатырында тауық қора салған. Кейін қоян алып асыраған. Алғашқыда көршілері тауық пен қояндарға тамақ тасып, отбасын қолдағанымен, олардың арасында қораздың даусы мен иісіне шағымданғандар да табылды. 

Артынан істі полиция тексеріп, Руслан әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 65 мың теңге айыппұл төледі. 

 
Бұдан кейін қазақстандықтар "Дәулеттен" қоры арқылы отбасыға жеке үй алып беру үшін ақша жинады. 


"Мемлекетке жат, қоғамға өгей болып өсіп келеді": Қоғам белсендісі жетімдер үйінің тәрбиеленушілері жайлы айтты
​​​​​​​"Балаларымды тартып алып, өзімді қуып шықты": Алматылық әйел азаматтық некедегі күйеуінің әрекетіне шағымданды

Бүгін қор жетекшісі, белгілі экономист-блогер Дәулет Мұқаев қуанышты хабарды халыққа жеткізді. Отбасыға Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Батыр ауылынан 20 сотық жері бар үй сыйға берілді.

Руслан Тниев "Дәулеттен" қоры мен атсалысқан барша қазақстандықтарға алғысын білдірді.




Көрілген: 506    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.11.2021, 16:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31