Мәселе

ШҚО-да санитарлық бекеттер саны артты

  • https://altaynews.kz/

    https://altaynews.kz/

Өйткені аймақта вирустың таралу екпіні жоғары, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Соңғы тәулікте 250 адамнан ауру анықталды. Олардың біршамасы &ndash  шалғайдағы аудандар мен шаһар тұрғындары.

 

Өлкеде санитарлық бекеттер саны өсіп келеді. 1қарашада 13 бекет болған еді. Олардың жетеуі Өскеменде, ал қалғандары өзге облыстармен және көршілес елдермен шекаралас аймақтарға қойылған. Енді бұл қатарға Риддер қаласы мен Алтай ауданындағы Серебрянск шаһары және жаңа Бұқтырма кенті қосылды.

 

Өйткені аталған елді мекендерде вирус жұқтыру көрсеткіші күн санап жоғарлап келеді. Мәселен, өткен апта аяғында ғана Риддер қаласында 30 адам коронавирус жұқтырған болса, соңғы тәулікте онда 62 жағдай тіркелді.

 

Осыған орай Риддердің кіреберісіне санитарлық бекет қойылу туралы қаулы қабылданды. Мұндай өзгерістер сақтықты одан әрі күшейту керектігін білдіреді. Сондықтан қазір жағдай бұдан да ушыға қалса деген жағымсыз сценарийге дайындық мықты.

 

Осы фтизиопульмонологиялық  орталықта қазір 50 орын  дайын тұр. Олар әзірге бос. Тек керек болған жағдайда ғана қолданылады. Қазір індет ілгегіне іліккендерді емдеуге қолда бар инфекциялық стационарлар да жеткілікті көрінеді.

 

Жалпы  бұл кеселмен күресуге облыста 3200-ден астам орын дайындалса, соның 674-інде науқастар жатыр. Оның 49-ы ауыр халде, төртеуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Алыс аудандағы ауруханалар да облыс мамандарының назарында.

 

Думан Берікұлы, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а.:

 

&ndash Біз облыс тарапынан куратор ретінде әр ауданға бекітіліп қойғанбыз. Сол себепті олармен қашықтықтан болса да, 2-3 маман шығып, көмек қолын беріп жатыр.

 

Өлкедегі ең жоғарғы көрсеткіш үлесі облыс орталығы мен Семей қаласында. Сондықтан залаласыздандыру жұмыстары  жиілеп жатыр. Мәселен, Өскеменде дезинфекция жүргізуге жазасын өтеушілер де жұмылдырылды. Олар өз еріктерімен індет ошағын залалсыздандырып жүр.

 

Арман Нұрсалинов, жазасын өтеуші:

 

&ndash Бір кезде өзім қылмыс жасап. залалымды келтіргенмін. Қол ұшымды беріп, үлесімді қосқым келді. Қазіргі кезде қоғамдық орындарда дезинфекция жүргізіп жатырмыз.

 

Пандемия басталғалы шығыста коронавирус  жұқтырғандар саны 12 мыңнан асып жығылды. Тек соңғы екі тәуліктің өзінде жұқпалы дерт 600 адамнан анықталған.




Көрілген: 248    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.11.2020, 20:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Қаңтар, 23:18
    Тазалықтың 7 ережесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31