Мәселе

Шығыс Қазақстанда 28 қазаннан бастап шектеу шаралары күшейтіледі

  • Шығыс Қазақстанда 28 қазаннан бастап шектеу шаралары күшейтіледі

    Шығыс Қазақстанда 28 қазаннан бастап шектеу шаралары күшейтіледі

Шығыс Қазақстан облысында карантин қатаңдатылып, бірқатар шектеулер енгізілді.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері Марат Ысмайылов жаңа қаулы қабылдады. Бұл құжат 28 қазан сағат 00:00 бастап күшіне енеді.

Оған сәйкес, Өскеменде театр, мәдени нысандар, бассейн, сауна, монша, кітапханалар мен музейлердің жұмысына тыйым салынды. Облыстың басқа өңірлерінде бұл нысандар санитарлық талаптарды қатаң сақтап, әрі қарай жұмыс істей береді.
 
Фитнес орталықтар, СПА, жаттығу залдары мен спорт-сауықтыру кешендері де жұмысын тоқтатады.

Қалааралық автобустар жүрмейді, автостансалар мен автовокзалдар жабық тұрады.

Сондай-ақ бұрыннан келе жатқан той, мерекелік шара, спорт жарысы, көрме, бейбіт митинг, форум мен конференция секілді шараларды өткізуге салынған тыйым сақталады. Караоке, бильярд, компьютер клубтары, түнгі клуб, боулинг орталықтары, балалар аттракциондары, ойын алаңдары мен букмекерлік кеңселер, кинотеатр, фудкорттар баяғыша жұмыс істемейді.

Бас санитар аудан-қала әкімдеріне де бірқатар тапсырма жүктеген. Атап айтқанда, олар облыс аумағында және Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалалары мен аудандардың периметрінде шектеу шаралары енгізілетін аймақтың шекарасын белгілеуі тиіс.

Паркте, көшеде бір отбасы мүшесі болмаса, жалпы үш адамнан артық топтасып жүруге болмайды.

Жасы 65-тен асқан кісілер сыртқа шықпай, қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылады. Жалпы, жұмыс берушілер қызметкерлердің кем дегенде 60 пайызын осы форматқа ауыстыруы тиіс.

Азық-түлік дүкендері мен дәмханалар түнгі 22:00 дейін ғана жұмыс істейді. Ал медицина орталықтары мен стоматология алдын ала жазылу арқылы кешкі 18:00 дейін қызмет көрсетуі тиіс.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтемеде танысуға болады.




Көрілген: 343    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.10.2020, 01:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30