Мәселе

Шымкентте алып қашудың құрбаны болған қыздың анасы сұмдық жайтты баяндады

  • Көрнекі сурет

    Көрнекі сурет

19 жастағы бойжеткен 31 қаңтар күні 3-қабаттан секіріп, өзіне қол жұмсауға дейін апарған. Омыртқасы зақымданып, бас жарақатын алған.


Еркін Кахаров есімді азамат өзінің Facebook парақшасында Аружан есімді бойжеткенді 18 қаңтар күні алып қашып кеткені жайлы жазған.


«Бойжеткеннің 3-қабаттан секіруіне сол Сұлтан кінәлі. Одан кейін өзін Сүлейменмін деген Сұлтан 3 рет үйленбек болған екен.


Әйелінің 3-қабаттан секіргенін біле тұра, Сұлтан есімді ер азамат ешқандай шара қолданбаған. Танымайтын жандар 1 сағаттан кейін жедел жәрдем шақырған. Ал бойжеткеннің ата-анасы қызының өз-өзіне қол жұмсағанын бір күннен кейін барып қана білген.


«Полицияға хабар берсеңдер өлтіреміз» деп жігіт пен оның ата-анасы өзіне қол жұмсаған бойжеткеннің ата-анасын қорқытқан», - деп жазды ол.


Еуразия бірінші арнасына берген сұхбатында бойжеткен үйіндегілердің ұялы телефонына дейін тартып алғанын айтады.


«Телефонымды тартып алды да өшіріп тастады. Сосын ақ орамал шығарды. Бір бөлмеге әйелдер жинап алған. Мен оларға келін болмайтынымды айттым. Тыңдаған жоқ», - дейді бойжеткен.


Аружанның анасы болса, қызының көз алдында өліп қала жаздағанын айтады.


«Қызымның «Өз еркіммен қалдым» деген хатын көріп ештеңе демеген едім. Сөйтсем, олар қызымды қорқытып жаздырған екен», - дейді Аружанның анасы.


Қазір оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 105-бабы («адамды өзін-өзі өлтіруге дейін немесе өзін-өзі өлтіруге баруға дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.  


sn.kz




Көрілген: 873    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.02.2019, 18:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30