Мәселе

Шымкентте балалары қуып жіберген 75 жастағы әжейдің тағдыры елді жылатты

  • Зейнеткер: otyrar.kz

    Зейнеткер: otyrar.kz

Шымкентте балалары үйінен қуып жіберген 75 жастағы әжейді көршілері далада қаңғып жүрген жерінен тауып алды. Бүгінде бес баласынан қайыр көрмеген кейуана «Көмек» дағдарыс орталығын паналап жүр деп хабарлайды Отырар сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 

Саламат Рахманқызының жасы 75-те. Шымкентте туып-өскен әжей бар өмірін медбикелік қызметке арнайды. Күйеуі қайтыс болған соң, бес баланы жалғыз өзі бағып-жетілдірген. Кейін үйін сатып, жалғыз ұлы мен қыздарына ақшасын бөліп береді. Ал өзі үлкен қызының қолында уақытша тұрған. Кейін қызымен сөзге келіп қалғанда, тұңғышы үйден қуып жібереді.

 

"Күйеуім өмірден өткен соң, бәрін өзім аяққа тұрғыздым. Жоғары білім алды барлығы. 90-жылдары қиындау болса да, бірнеше жерде жұмыс істеп, бағып-қақтым. Өскен соң бәрі бөлек кетті. Үйде жалғыз қалған соң, баспананы сатып, балаларға ақшасын бөліп бердім. Не өмірім қалды дейсің, балалардың қолында тұра тұрармын деп ойладым", - дейді Саламат Балабаева.

 

Қартайғанда балаларынан қызық көрмеген кейуана үлкен қызымен ұрысып қалған соң, көше кезіп кетеді. Бірнеше күн бойы далада жүрген әжейді бұрынғы көршілері тауып алып, дағдарыс орталығына алып келген.

 

"Әжей үлкен соққы алған. Екі күн бойы көшеде қараусыз жүрген соң, бұл өмірден кеткісі келгенін де жасырмайды. Туған балалары қуып шыққан соң, елдің бетіне қалай қараймын деген ой қажап тастаған. Жалғыз ұлы да анасына қарамайды. Себебі, келіні енесімен бірге тұрғысы келмейді", - дейді "Көмек" дағдарыс орталығының директоры Малика Жүсіпова.

 

Саламат Балабаева үлкен қызының үйіне қайта барған. Алайда, қызы үйді сатып, көшіп кеткені белгілі болды.

 

Бүгінде Саламат әжейдің дағдарыс орталығында жүргеніне екі ай толды. Ол мұнда түрлі қиындықтармен түскен жас аналарға көмектесіп, балаларын бағысып, ақылын айтып отырады.

 

 

 

 




Көрілген: 695    Пікірлер: 0

сенбі, 20.11.2021, 13:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31