Мәселе

Шымкенттік полицейдің келіншегі күйеуінің мәселесін министр арқылы шешіп алды

  • © Photo : министерство внутренних дел Республики Казахстан

    © Photo : министерство внутренних дел Республики Казахстан

Бүгін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың халыққа есеп беру кездесуінде полицейдің келіншегі күйеуінің мәселесін шешіп беруді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Оның айтуынша, жолдасы көші-қон полициясында жұмыс істейді. Енді, жұмыс бабымен Шымкент қаласына ауыспақшы. Бірақ тиісті құжаттарға қол қойылмай жатқан көрінеді.


"Мен пәтер сұрайын деп жатқан жоқпын. Бізге өзіміздің туған жеріміз – Шымкент қаласына ауысуға тура келіп тұр. Бала-шағамыз сол жақта. Құжаттар мұнда келді. Бірақ қол қойылмай жатыр, жіберілмей жатыр. Оны не істеуге болады? Бізге көп күтуге болмайды. Пәтерде тұрамыз. Бала-шағамызбен екі жақта жүрміз", - деді полицейдің келіншегі.


Осыдын кейін министр Тұрғымбаев мәселенің мән-жайын тағы анықтап, полицейдің аты-жөнін сұрады. Осы кезде полицейдің келіншегі: "Ол менің мұнда келгенімді білмейді. Енді...көре жатармыз", - деді. Ал залда отырғандардың бәрі күліп, қол шапалақтай бастады. Министр болса, аталған мәселені шешіп беруге уәде етті.


"Мына жерде кадр департаменті бастығының орынбасары бар. Қазір бәрін жазып алыңыз. Ауыстырып береміз", - деді Тұрғымбаев.


 




Көрілген: 1905    Пікірлер: 0

жұма, 21.06.2019, 19:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31