Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет парақорлардың "эволюциясын" көрсетті
Кадрлардан компания жұмысын жаңадан бастаған қызметкер көрсетіледі, біраз уақыттан кейін ол қызметте жоғарылайды. Бір сәтте оған пара ұсынады, сол кезден бастап кейіпкердің өмір сүру салты өзгереді. Соңында ол түрмеге қамалады, сосын көшеде қалады.
 
Бейнебаянды Алматы облысы агенттігінің департаменті Jetysu Film  киностудиясының қолдауымен түсірді.
"Роликтің негізгі мақсаты - әрбір азаматқа бұл өмірде әрқайсысымыз өз стиліміз бен өмір салтымызды таңдайтынымызды көрсету ... Біреу құрметті жолды таңдап, барлығына үлгі болады, ал біреу жоғары лауазымға ие болғаннан кейін заңсыз істер жасай бастайды, нәтижесінде олар оны "әлеуметтік жойылуға" әкеледі", - делінген бейненің сипаттамасында.