Мәселе

"Сіз ақылды, біз ақымақпыз". Мемлекеттік қызмет агенттігі Қаскелеңдегі шенеуніктің әкеретіне пікір білдірді

  • Видеодан алынған кадрлар

    Видеодан алынған кадрлар

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Анар Жайылғанова Қаскелең тұрғындарын ашуландырған шенеуніктің әдепсіз мінез-құлқына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Кеше Желіде Қарасай ауданының ТКШ қызметкері тұрғындардың алдында темекі шегіп, тұқылын жерге лақтырған видеосы жарияланды. Шенеуніктің орынсыз әрекетіне сөгіс жариялау жеткілікті жаза деп ойлайсыз ба?", - деп сұрады журналист ОКҚ брифингінде.

 

"Ия, бұл оқиғаны білемін. Бізде мемлекеттік қызмет саласында арнайы бақылау департаменті бар. Бұл мәселемен осы департамент айналысып жатыр. Ақпарат тек бүгін пайда болды. Біз де осы мәселемен айналысамыз", - деп сендірді Жайылғанова.

 

Еске салайық, әлеуметтік желіде Қаскелең тұрғындарымен дөрекі сөйлесіп тұрған шенеунік түсірілген видео жарияланды.

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/p/CFONyICnqiF/

 

Кейін шенеунікке 5 АЕК айыппұл салынғаны белгілі болды.

 




Көрілген: 468    Пікірлер: 0

жұма, 18.09.2020, 14:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31