Мәселе

«Сіз президентке шағым жаздыңыз, әрекетіңіз заңға қайшы»: Сапарбаев ауыл әкіміне ескерту жасады

  • «Сіз президентке шағым жаздыңыз, әрекетіңіз заңға қайшы»: Сапарбаев ауыл әкіміне ескерту жасады

    «Сіз президентке шағым жаздыңыз, әрекетіңіз заңға қайшы»: Сапарбаев ауыл әкіміне ескерту жасады

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Мойынқұм ауданына жұмыс сапары барысында Мыңарал ауылдық округінде болып, ақсақалдар және жергілікті тұрғындармен кездесті, олардың мәселелерін тыңдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында ауыл тұрғыны Гүлзағира Ешмағамбетова ауыл әкімі Зүбаржат Қамиеваның жұмысын сынға алып, шенеуніктің сөзі мен ісі арасында алшақтық көп екенін ашына жеткізді. Оның айтуынша, тұрғындар әкімнің өз орнын босатуын талап етіп отыр. Өйткені ол бар мәселені шешпек түгілі, ауылдастарының сөзіне құлақ асқысы да келмейді. Елді мекеннің тағы бір тұрғыны Гүлдария Ақбасованың сөзіне сенсек, ауыл әкімі азаматтар арасындағы алауыздыққа ықпал етуде.

«Соңғы кездері әкіміміз арамыздағы қарым-қатынасқа кері әсер етіп жүр. Оның жалғыз мақсаты - ауыл әкімінің орнынан айырылмау. Ауылдық Мәдениет үйі ұзақ уақыттан бері жұмыс істемейді. Алайда әкімнің туыстары сол жерден жалақы алуда. Бұл аз десеңіз, ол ауыл тұрғындарының жартысын қорқынышпен ұстап отыр. Бірақ шыдамның да шегі бар, біз енді барлық жаққа баруға дайынбыз», - дейді әйел.

Мыңарал ауылдық округі жанындағы Мыңарал стансасының тұрғыны Нағима Ақжолова соңғы 35 жылда ауылда ешқандай өзгеріс болмағанын алға тартады. Әйелдің айтуынша, әкім өзекті мәселелерді шешуде ешқандай бастама көтермейді.

«Ол көше дәретханасының мектеп ішінде орналасуы бойынша ешқандай жұмыс жүргізбеді. Зүбаржат Қамиеваның әкесі 20 жыл бойы ауылдық округті басқарды. Өзі жеті жылдан бері әкім болып жүр», - дейді ашулы тұрғын.

Ал, Ерлан Байжомартов шенеуніктің және Мыңарал ауылындағы қоғамдық кеңес төрағасының заңсыз әрекеттеріне наразы.

«Ауыл тұрғындары бірнеше рет әкімнің есеп беру кездесулеріне қанағаттанарлықсыз деген баға берді. Зүбаржат Талғатқызы қаншалықты заң аясында жұмыс істеп отырғандығын тексерулеріңізді сұраймыз. Ауылда наразылық басталса болды, әкім кезекті демалысына немесе декретке шығып кетеді", - дейді Ерлан Байжомартов.

Жергілікті шенеуніктердің іс-әрекетін мұқият қадағап отыратын ақсақалдар кеңесінің төрағасы Базарбай Бөкенов ауыл әкімінің басқару қабілетінің төмендігін және өз жауапкершілігін сезіне алмайтынын жасырмады. Ауыл тұрғындары ауыл әкімін қызметтен босатуды талап етуде. Бұл - қарапайым халықтың басты талабы. Тұрғындарды толғандырған барлық мәселені мұқият тыңдай келе, облыс басшысы жақын арада ауыл әкіміне қатысты мәселе өз шешімін табатынына сендірді.

«Әкімнің креслосы мұрагерлік бойынша берілмейді. Жеті жыл - ауылды абаттандыру, тұрғындарға тиісті жағдай жасау үшін жеткілікті мерзім. 2013 жылдан бастап әкім тек төрт ескі электр бағанасын ауыстырды. Сонда ауылдағы 96 бағанды ауыстыру үшін қанша уақыт қажет? Зубаржат Талғатқызы, сіз Президентке шағым жаздыңыз. Алайда, сіздің әрекетіңіз заңға қайшы. Мұнда барлық шағымдарды тексеретін арнайы комиссия жібереміз. Егер заңсыз әрекеттер расталса, шенеунік заң аясында жауапкершілікке тартылады. Біз шағын ауыл тұрғындарының бір-бірімен араздасуына жол бермейміз» , - деді аймақ басшысы.

Кездесуді қорытындылай келе облыс әкімі ауыл тұрғындары көтерген мәселелердің барлығы мемлекеттік бағдарламалар аясында шешілетінін тілге тиек етті.




Көрілген: 750    Пікірлер: 0

сенбі, 25.07.2020, 00:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30