Мәселе

Теңіздегі жағдай: Араб компаниясының басшысы​ қазақстандықтардан кешірім сұрады

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

«Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (ССЕР)» компаниясының бас директоры Кауаш Хишам жағдайды реттеу үшін Атырауға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Кауаш Хишамның әлеуметтік желілерде жарияланған бейне үндеуінде айтылғандай, ол Теңіз кентіндегі ССЕР компаниясының қызметкерлері арасындағы жанжал туралы білген бойда бірден Атырау облысына аттанған.


«Қайырлы күн! Мен Эли Даудтың іс-әрекеті үшін барлығыңыздан кешірім сұрағым келеді. ССЕР басшылығы мен қызметкерлерінің атынан бұл компания саясатына, құндылықтары мен қағидаттарына сәйкес келмейтін келеңсіз оқиға болғанын айтқым келеді. Аталмыш жағдайдан кейін онымен арадағы келісімшарт бұзылып, ол жұмыстан босатылды.​ Біз осы жағдайға қатысты толық ішкі тергеу жұмыстарын жүргізіп, қажетті шараларды қабылдаймыз. Қолымды жүрегіме қойып, компанияның бауырлас қазақтарға ерекше құрметпен қарайтынын айтқым келеді. Мен болған жайт үшін тағы да кешірім сұраймын. Осы оқиға туралы естіген бойда жағдайды реттеу үшін дереу Атырауға ұшып шықтым. Бүгінгі таңда Теңіздегі жағдай тұрақты, өлім-жітім, ауыр дене жарақаттары болған жоқ», - деді Кауаш Хишам өзінің бейне үндеуінде.


Бұдан бұрын хабарланғандай, 29 маусым күні «Теңіз» вахта қалашығында (Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 120 км, Атырау қаласынан 340 км) «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР)» компаниясының жұмысшылары жұмыс учаскесіне жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тің жақында WhatsАpp желісінің профиліне орналастырған​ фотосуретіне наразылық білдірген болатын.​


 




Көрілген: 550    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.07.2019, 15:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31