Мәселе

Тезірек үйленсін деп: Қазақстандықтар бойдақ жігіттің тұсаукесері түсірілген видеоны қызу талқылауда

  • Тезірек үйленсін деп: Қазақстандықтар бойдақ жігіттің тұсаукесері түсірілген видеоны қызу талқылауда

    Тезірек үйленсін деп: Қазақстандықтар бойдақ жігіттің тұсаукесері түсірілген видеоны қызу талқылауда

Әлеуметтік желіде ер жігіттің аяғына ала жіп байлап, тұсауын кесіп жатқаны түсірілген видеоны қазақстандықтар қызу талқылауда. Бұл бойдақ бала үйленсін, үйлі болсын деген үмітпен жасалған ырым екен. Қазақта мұндай ырыс қашаннан бері пайда болған? Бұған қатысты аға-буын өкілдерімен жігіттердің өзі не дейді? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеп хабарлайды.

Желіні шулатқан видеоның нақты қайда және қашан түсірілгені белгісіз. Жазбаға сенсек, үйленбеген жігіттің тұсауы кесіліп жатқан көрінеді. Алдына ақша, аспап пен кітаптан басқа, ақ орамал да қойылған.

 Үлкендер бұған таңғалудың еш қажеті жоқ дейді. Бұл қазақтың бұрыннан келе жатқан ырымы көрінеді.

"Құрбы-құрдастары жиналып, бас қосу деген болады. Сол кезде ойын-сықақ сияқты қылып, жолдасының кәдімгідей тұсауын кесіп, бірақ өздерінің қарап жүрген қыздары болады. Осы жігітке осы қыз лайық болады деп. Негізі ол отбасы сосын керемет жақсы үйлі баранды, балалы-шағалы болып кетеді екен", - деді зейнеткер Үміт Дүйсенов. 

Дегенмен кейбіреулер бұл пікірмен келіспейді. Бұл қазақты қорлау, салтты мазаққа айналдырумен тең дейді. Тұсау тек алғаш қадам басқан балаларда кесілуі тиіс деген пікірде.  

"Бұл жақсы нәрсе емес. Біз барған сайын қазір айтып жатырмыз. Жігіттер біздің ерліктен айырылып бара жатыр деп. Жігіттеріміз күні әйелден төмен болып бара жатыр деп. Біз осымен тұсауын кесетін болсақ, онда бесікке бөлеп, әлди-әлдиімізді айтатын шығармыз?" - деді тарихшы Талғат Омар. 

Көптеген қазақстандықтар да мұндай ырымнан бейхабар екенін жеткізуде. Сөздерінше, бұл жоралғы жігітке ұят, қазаққа мүлдем жат құбылыс дейді.   

Жасы үлкен кісілер тұсауы кесілген сұр бойдақтар көпұзамай үйленіп, балалы-шағалы болып жататын деп еске алады. Қазір де бұл ырымды жандандыру керек дейді.

"Қазір бізде  кім көп? Үйленбеген жігіттер, тұрмысқа шықпаған қыздар көп. Сондықтан достары осындай көмек көрсетіп жібереді екен. Мынау жалғыз жүрмесін, ұрпақ болсын артынан деп", - деп қосты зейнеткер Үміт Дүйсенов.

Бір айта кетерлігі жоғарыдағы ырым тек жігіттерге ғана қатысты көрінеді. Тұрмыс құрсын деген ниетпен оң босағада отырып қалған арулардың тұсауы кесілмейді екен.

Stan.kz




Көрілген: 1579    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.01.2021, 14:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31