Мәселе

Тоқаев халық жағдайын жақсартуды тапсырды

  • Тоқаев халық жағдайын жақсартуды тапсырды

    Тоқаев халық жағдайын жақсартуды тапсырды

Тоқаев халықтың табысын арттыруды қамтамасыз ететін жоба жасауды тапсырды. Елдегі кедейлікті төмендету үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шаралар кешені қабылданып, халықтың табысын арттыратын бағдарлама жасалуы керек. Жұмыс нақты әрі мақсатты болуы тиіс. Әрбір басқару деңгейінде кедейліктіі азайтудың нақты көрсеткіштері белгіленуі керек. Жұмысқа мұқтаж жандардың нақты санын анықтау қажет", - деді ол Мәжіліс отырысында
Президент Үкіметке "Атамекен" кәсіпкерлігімен бірлесіп екі ай ішінде халық табысын арттыратын бағдарлама құруды тапсырды.

"Мемлекет Әлеуметтік кодекстің қабылдануын қамтамасыз ету керек. Бұл құжат әлеуметтік саясат бағытында жаңа жағдайларға, пандемияны негізгі ала отырып жасалуы қажет. Әлеуметтік кодекс жаңа әлеуметтік келісімшарттың негізгі элементі болуы тиіс", - деді мемлекет басшысы.
 
Тоқаевтың айтуынша, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға баса назар аудару керек.

"Жоғары оқу орындарының, колледждердің түлектері мен білімі жоқ жастардың тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі әрқашан бола бермейді. Жастар қарапайым жұмыс жасау арқылы өмір сүреді. Кейбіреулер табыс таппағандықтан түрлі заң бұзушылықтарға баруы мүмкін.

Үкіметке "Жастар тәжірибесі", "Алғашқы жұмыс орны" жобалары бойынша қатысу ұзақтығы мен сыйақы мөлшерін арттыруды тапсырамын. Жастар мен халықтың осал топтарының бизнес-бастамаларын жүзеге асыру үшін жағдай жасау маңызды. Үкіметке тиісті грантты екі есеге арттыру мүмкіндігін пысықтау тапсырылды. 400 АЕК-ке дейін", – деді Тоқаев. 




Көрілген: 861    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.01.2022, 13:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31