Мәселе

Тоңазытқыштағы сәби: Аурухананың бұрынғы басшысы сегіз бап бойынша сотталады

  • Тоңазытқыштағы сәби: Аурухананың бұрынғы басшысы сегіз бап бойынша сотталады

    Тоңазытқыштағы сәби: Аурухананың бұрынғы басшысы сегіз бап бойынша сотталады

 Атырауда мұздатқыш камерада нәрестенің көз жұмуы болуы туралы іс қозғалды. Облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы 5 қызметкері сотталушылар орындығына жайғасты. Басты айыпталушы - медициналық мекеменің бұрынғы басшысы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Тергеу болжамы бойынша, оның бұйрығы бойынша жаңа туған нәрестені тоңазытқышқа орналастырып, сәби көз жұмған.

Карантинге байланысты процесс онлайн режимінде өтіп жатыр. Сотталушылар тергеу изоляторларынан байланысқа шығады.

Процеске қатысушылар санының көптігінен байланыс сапасы нашарлаған. Тараптардың қорғаушылары тіпті техникалық ақауларға байланысты процесті кейінге қалдыруды өтінді, бірақ сот бұған келіспеді.

Перинаталдық орталықтың бұрынғы басшысын бірден сегіз бап бойынша соттайды, оның ішінде дәрменсіз күйдегі адамды өлтіру (осы бап бойынша 20 жылға дейін немесе өмір бойы түрмеге қамау). Сондай-ақ оған «адам өлтіру», «бюджет қаржысын талан-таражға салу», «пара беру», «пара алу», «қызмет бабын асыра пайдалану» сияқты жалпы 8 баппен айып тағылған. Прокурорлар акушер-гинеколог пен акушерді «топтасып, қасақана кісі өлтірді» және «мәліметтерді бұрмалады» деп айыптап отыр. Ал екі неонатолог дәрігер аталмыш қылмыстарды құзырлы орындарға хабарламағаны үшін жауапқа тартылуда.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың күзінде перзентханада шала туылған нәрестелердің бірін өлі туған бала ретінде рәсімдеген болатын. Ол өмірдің белгілерін көрсеткенде, дәрігерлер құжаттарды түзетпеу туралы шешім қабылдап, жаңа туған нәрестені тоңазытқышқа салған.

Жедел уәкілдер осы кезде бас дәрігердің (оны басқа қылмыстарға күдікті деп тексерген) әңгімелерін тыңдап, барлығын білді, бірақ сәбиді құтқаруға үлгермеді.

Атырау перзентханасында жаңа туған нәрестенің өлімі туралы істі денсаулық сақтау министрлігінің арнайы комиссиясы талдады.

Stan.kz

 




Көрілген: 796    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.05.2020, 10:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Маусым, 10:49
    Той көбейсе, жан қайғы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31