Мәселе

Түркістан облысында жоғалған жігіттерді іздестіру қалай жүріп жатыр? Полиция жауабы

  • Түркістан облысында жоғалған жігіттерді іздестіру қалай жүріп жатыр? Полиция жауабы

    Түркістан облысында жоғалған жігіттерді іздестіру қалай жүріп жатыр? Полиция жауабы

Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен екі туристі іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бесінші тәулік қатарынан алты бағытқа бөлініп, құтқару жасақтары бір метр сайын Өгем тау өзені шатқалдары мен жағасын тексеріп жатыр. Олар тауда түнейді.

Осы күндері мемлекеттік парк аумағындағы 40 000 гектар жер жаяу тексерілді. Тікұшақ бүкіл Сайрам-Өгем мемлекеттік паркін айналып өтті - 149 000 гектар", - деді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, полицейлер, құтқарушылар, шекарашылар, парк қызметкерлері жоғалып кеткен екі туристі табу үмітімен іздеуді бір минутқа да тоқтатқан жоқ, деді полиция өкілі.

Еске салайық, 27 мамырда Түркістан облысы тауларында жеті турист жоғалып кеткен болатын. Назарбаев университетінің баспасөз қызметі жоғалып кеткен саяхатшының алтауы ЖОО студенттері екенін хабарлаған болатын. 21 мамырда университеттің алты студенті және Кентау қаласы лицей-интернатының түлегі Түркістан облысындағы тауларға 4-5 күнге жаяу саяхатқа шығып кеткен. 

Кейін жоғалып кеткен жеті жігіттің үшеуі табылғаны хабарланды. Олар екі топқа бөлінген. 29 мамырда ТЖМ ресми өкілі Түркістан облысының тауларында жоғалған екі туристің мәйіті табылғанын мәлім етті. Тағы екі жігітті іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.




Көрілген: 851    Пікірлер: 0

жексенбі, 30.05.2021, 17:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31