Мәселе

Түркістан облысында оқушы мектепте алған ауыр жарақатынан қайтыс болды

  • Түркістан облысында оқушы мектепте алған ауыр жарақатынан қайтыс болды

    Түркістан облысында оқушы мектепте алған ауыр жарақатынан қайтыс болды

Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түркістан облысының Қазығұрт ауданында оқушының үстіне қақпа құлады. Мектеп директоры мен орынбасары жауапқа тартылды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі уақытша жұмыстан шеттетілді, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.


5 қыркүйек күні Жаңабазар ауылындағы Әуезов атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы қайтыс болды. Оның үстіне футбол қақпасы құлаған. Ауыр жарақат алған бала ауруханада көз жұмды.


Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі комиссия оқиғаға жауаптыларды анықтайды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі уақытша жұмыстан шеттетілді.


"Мектеп директоры мен орынбасары қызметіне сай емес деп танылды. Білім бөлімі басшысының орынбасарына қатаң сөгіс және аудан әкімінің орынбасарына сөгіс жарияланды", - деп жазылған хабарламада.


Спортзалдардағы құрал-жабдық пен қақпаны орнату кезіндегі қауіпсіздік шараларының сақталуы тексерілді.


Аудан әкімі Төлеген Тортайұлы қайтыс болған баланың туыстарына көңіл айтты. Оның отбасына материалдық көмек көрсетілетінін жеткізді.


Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиға Қылмыстық кодекстің 141-бабы (Бала өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттердi тиісінше орындамау) бойынша тіркеуге алынды. Бұл бапқа сәйкес, бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру қарастырылған. 




Көрілген: 455    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.09.2019, 18:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30