Мәселе

Түркістанда әлсіз топтағы отбасылар пәтерлі болғанын екі жылдан соң білді

  • http://budport.com.ua/

    http://budport.com.ua/

Түркістанда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жалға берілген пәтерлерді пысықайлар пұлдап жіберген. Мемлекеттік баспананы үлестірудегі былықтарды кезегін күтіп сарылған көпбалалы аналар кездейсоқ, онда да екі жылдан соң бір-ақ біліп отыр.

Жалдамалы үйлерді кім сатқан?

Алты баланың анасы Халима Қаюмова пәтер жалдап отыр. Шағын үй Түркістанның шеткері аумағында орналасқан.

Көпбалалы ана шиеттей баласымен орталықта ешкім баспанасын жалға бере қоймайтынын айтады. Жалдамалы үй үшін Халима балаларының аузынан жырып, ай сайын 20 мың теңге төлейді. Үйдің іші тас суық. Жалғызбасты келіншек отынын үнемдеп, бір ауық жылытады. Өзі күнұзақ базарда нан сатып күн көреді. Сондықтан балаларын былтырдан бері мектеп-интернатқа беріпті. Үй кезегіне 2013 жылы тұрған. Бірақ мамандар үнемі "кезек келмеді" деп қайтаратын көрінеді. Сөйтсе оған 2 жыл бұрын 3 бөлмелі пәтер бұйырыпты.

Халима ҚАЮМОВА, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ КӨПБАЛАЛЫ АНА:

- Менің атыма АКТ шыққан, договор бәрі, шешім барлығы менің атыма шыққан. Барлығын көрсетті. Сөйтіп сенбедім, ертең келіңіздер, үйлеріңізді барып көрсетеміз деді. Бардық біз ол жерге барсақ, ол жерде ешкім есікті ашпады.

Білуінше баспанасында әлі күнге бөтен біреу тұрып келеді, сатып алған көрінеді. Пәтер дауы сотта қаралып жатыр. Түркістан қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі пәтерде заңсыз тұрып жатқандарды мәжбүрлеп шығару үшін сотқа жүгінген.

Халима ҚАЮМОВА, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ КӨПБАЛАЛЫ АНА:

- Кешегі 3-декбарь күні өткен сотта айтты, мойындады: мен үйге кезекке тұрмай алдым, деді. Бәрін мойындап тұр ол кісі. -сатып алған ба? - Сатып алған. 3 млн теңге деді мен біреуге беріп алдым деді. Шырын деген әйелден сатып алдым деді. Ол кісі мен білмейм менің паспортымды қайдан алғанын копиясын, менің подписімді қойған, мен ол әйелді мүлдем танымаймын.

Түркістандағы Отырар шағын ауданына қарасты пәтерін ала алмай жүргендердің тағы бірі - Мейрамгүл Алдабергенова. Төрт баланың анасы заңды баспанасының әзірге сыртынан қайтып жүр.

Айтуынша, пәтер үлестіруге құзырлы бұрынғы тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы алдап келген көрінеді.

Мейрамкүл АЛДАБЕРГЕНОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

- Доскіден көріп кете беріңдер»- деп қайтара береді... Орнына құдай бар ау деп ойлаймын, Жәнібек деген жігіт келіп «үйіңіз осындай, сізге беріліп қойған» деді. Оған да шүкір. Келем, постоянно адам болмайды бұл үйде. Квартираға ақша төлеумен-ақ өміріміз өтіп жатыр.

Тұрғын үй қатынастары бөлімінің мамандары Түркістанда жалпы 29 пәтердің заңсыз беріліп кеткенін анықтаған. Кейбірі баспаналарды өз бетінше босатыпты да. Қазір 15 пәтердің дауы сотта қаралып жатқаны белгілі болды.

Жәнібек КӨПЕЕВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Жалған құжат жасап берген азаматтарды анықтау бойынша біздің бөлім тарапынан ішкі істерге, прокуратураға хат жолданды. Осы кісілердің пайдасына шешіледі сот процесі. Себебі бұл кісілер заңды иесі, неше жылдан бері кезек реттілігімен күтті.

Ал әзірге пәтер жағалап жүрген Халима балаларын аптасына бір көрінеді. Сағынышын басу үшін арасында мектеп-интернатқа барып тұрады.

Түркістанның полиция басқармасы «жалған құжаттар жасау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары әлі де жүріп жатқанын хабарлады.

astanatv.kz

 




Көрілген: 496    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.12.2019, 10:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31