Мәселе

Түркістанда жеңгетайлықтың үш жағдайы анықталды

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Түркістан полицейлері жеңгетайлықтың үш жайтын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Ағымдағы жылдың 16 маусымы мен 18 маусымы аралығында, яғни екі күн ішінде Түркістан облысы ПД-ның полицейлері “Стоп-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуді қолға алды.

 

Бұл шараның басты мақсаты – жеңгетайлыққа, адам саудасына және басқа да құқық бұзушылықтарға қатысты қылмыстарды ашу, алдын-алу және ескерту.

 

Осылайша жедел-профилактикалық іс-шара барысында полицейлер моншалар мен қонақ үйлерді, ойын-сауық ғимараттарын және тағы да басқа жезөкшелер мен притондардың болуы ықтимал деген орындарын басты назарға алып, тексерісті күшейтті.

 

Облыс бойынша Криминалды полиция басқармасының арнайы қызметкерлерінен топ құрылып, тексеру ауқымын арттырды. Нәтижесінде полицейлер бір күннің ішінде облыс аумағынан жезөкшелікпен айналысқан бес әйелді және жеңгетайлықтың үш жайтын анықтады.

 

Мәселен, 16 маусым күні полицейлер Түркістан облысындағы қонақүйлерді жіті тексерді. Сарыағаш қаласындағы қонақүйлердің бірінде жезөкшелікпен айналысқан екі Өзбекстан Республикасының азаматшасын және бір жеңгетайды ұстады.

 

Сондай-ақ дәл осы күні Сайрам мен Жетісай аудандарындағы жергілікті қонақүйлердің ішінен жезөкшелікпен айналысқан үш жеңіл жүрісті әйелді және жеңгетай болған екі аудан тұрғынын ұстады.

 

Бүгінгі таңда бір күнде анықталған үш жеңгетайлық жайтына байланысты ҚР ҚК-нің 309-бабы (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

 

 




Көрілген: 538    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.06.2021, 12:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31