Мәселе

Түркістанда пара беріп, пәтер алғандар баспананы босататын болды

  • © zakon.kz

    © zakon.kz

2017 жылдың желтоқасан айында Түркістан қаласы Отырар мөлтек ауданында жаңадан бой көтерген үйлерде пәтер алу тізімінде өз кезегін ілгерілету үшін үш тұрғын қалалық үй инспекциясы қызметкеріне пара бергені анықталған болатын.

 

Қызметкердің іс-әрекеті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп, заңсыз іс-әрекетке бой берген тұрғындарға да шаралар көрілуде.

 

Заңсыз іс-әрекеттер арқылы жылжымайтын мүлікке қол жеткізген азаматтар апта басында сот орындаушыларынан пәтерлерді босату жөнінде міндеттеме алды.

 

Тұрғындар бекітілген 10 күн аралығында пәтерлерді босатпаған жағдайда қосымша шаралар көріліп, жауапқа тартылатындығы жөнінде тілхатпен танысып, қол қойды.

 

Құрметті жерлестер!

 

Ұзақ уақыт бойы қағаз жүзінде жүргізілген тұрғын үй алуға кезекке қою жүйесі, қазіргі таңда, мемлекет бойынша бірыңғай жүйеге өзгертілген. Бұл жүйе мемлекеттік деңгейде қадағаланып, қандай да күрт немесе себепсіз өзгеріс енгізу мүмкіндігін жоққа шығарып отыр. Осы себепті, кезекке өзгеріс енгізу мүмкіндігі жайлы ұсыныс айтылған жағдайда, ұсынысты алаяқтық ретінде қабылдауларыңызға және заңсыз іс-әрекеттерге жүгінбеулеріңізге кеңес береміз.

 

kz.otyrar.kz




Көрілген: 328    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.09.2020, 15:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31